Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пышақ сұғып алды": Теміртауда үш баланың анасы 15 жыл отасқан күйеуінен қашып кетті

Опубликовано:

әйл өкінген
Көрнекі фото: www.msn.com

Теміртау қаласының тұрғыны Жанар Шалабаева 15 жыл отасқан күйеуінің зәбіріне шыдамай, өз үйінен қашып кетті. Үш баланың анасы тұрмыс құрғалы жолдасы тарапынан көрген қорлығына "ұят боладының" күшімен көніп келгенін жеткізді. Әйел бастан өткен оқиғасын "Еуразия" бірінші арнасындағы "Пендеміз ғой" бағдарлмасында баяндады.

Жанардың сөзінше, күйеуі қыстың күні үйден жалаңаш қуып шыққанда көрші-қолаң оны үйіне кіргізіп, паналатып, басу айтып отырған. Ал күйеуі ішімдік ішіп, денесіне пышақ сұғып алған кезде шыдамай полиция шақырған.

Алайда тәртіп сақшылары әйелге балалар үшін шыдап бағуын айтып, сабырлы, төзімді болуға кеңес берген. Бұл оқиға бойынша ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған, күйеуі жауапқа тартылмаған. Ешкімнен қорған таба алмаған ана соңғы соққыдан кейін балаларын алып, үйден қашып кеткен.

"Мен күйеуіммен танысқаныма бір апта болғанда алып қашты. Бізді ауылдағы көрші әйел таныстырды. Артымнан туыстарым келіп, алып кетпек болды. Енем жібермеді. Қазақта салт бар, сен енді босаға көрген қыз боласың. Салттан аттама. "Барып келді" деген жаман атаққа ілінбе деп көндірді. Алдымен тұңғышымды үйде босанып қойдым. Үш бала босанғанға дейін бәрі де ойдағыдай бірқалыпты өмір кешіп жаттық.

Уақыт өте оның маған дейін үйленіп, әйел жібергенін білдім. Ол әйелде бір баласы кеткенін кейін айтты. Ата-енем қайтыс болғаннан кейін күйеуім көрші ауылда тұратын 5 баласы бар бір әйелмен көңіл қосып, үстімнен ашық жүре бастады. Оған да көндім. Үш баламен қайда барамын деп ойладым. Алайда көп ұзамай қол көтере бастады. Ішімдікке тойып келіп, пышақ ала жүгіреді.

Сондай күндердің бірінде таң ата мас күйінде денеме пышақ сұғып алды. Әрең ес жидым. Полиция шақырдым. Ауыл арасы таныс адамдар болғандықтан ешқандай шара қолданылмады. "Балаларың бар ғой" деп қайта табыстыруға тырысып кетіп қалды. Соңғы соққыда үйден екі кішкентайымды алып қашып кеттім. Үлкен ұлым көрші бөлмеде ұйықтап жатқандықтан бізбен шығып үлгермеді. Қазір әкесінің қасында, ол үшін алаңдаулымын. Өтініш маған үлкен ұлымды қасыма әкелуге көмек беріңіздерші?", - дейді Жанар.

Телеарнаның мәліметінше, ресми статистика бойынша Қазақстанда жылына 2 500 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Бұл тек жәбірленушілердің тиісті мекемелерге хабарласып, өз жағдайлары туралы хабардар етіп, ресми тіркелгені ғана екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926445-pysaq-sugyp-aldy-temirtauda-us-balanyn-anasy-15-zyl-otasqan-kuieuinen-qasyp-ketti/

pixel