RU

Алексей Цой жаңа оқу жылында оқушылар қалай білім алатынын айтты

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі қазақстандық оқушылар мектепте білім алған кезде сақталуы тиіс шарттарды айтты. Биыл оқушылар дәстүрлі форматта оқиды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Алексей Цой айтқан ережелер қатарында мыналар бар:

  • Вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі барлар мен 3 ай ішінде коронавируспен ауырғандарды қоспағанда, педагогтер 100 пайыз вакцина салуы керек;
  • Педагогтер, ата-аналар мен қызметкерлер мектепке кірер кезде Ashyq қосымшасын пайдалануы тиіс.

Санитарлық-эпидемиологияға қарсы іс-шаралар:

  • күнделікті таңертең медицина мамандары барлық қызметкерлер мен оқушыларды фильтрден өткізеді;
  • ата-аналар жиналысы мен сыныптан тыс іс-шараларды қоса алғанда, жаппай іс-шара өткізуге рұқсат жоқ;
  • оқыту барысында балалар кабинеттен кабинетке ауыспайды;
  • бастауыш, орта және жоғары сыныптарды байланыстырмау;
  • мектептерде тамақтануды ұйымдастыруға бақылауды күшейту.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926634-aleksei-coi-zana-oqu-zylynda-oqusylar-qalai-bilim-alatynyn-aitty/