RU

Еліміздің мектептерінде Ashyq жүйесі енгізілетін болды

Ашық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министррі Алексей Цой үкімет отырысында еліміздің мектептеріне кіру үшін Ashyq қосымшасын пайдалануды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Біз мұғалімдер, қызметкерлер мен ата-аналар арасынан коронавирус жұқтырған, вакцина салдырмаған және ауру жұқтырғандармен байланысқа түскен адамдарды бақылау үшін мектепке кіргенде Ashyq қосымшасын қолданған жөн деп санаймыз", - деді министр.

Осы ретте премьер-министр Асқар Мамин барлық білім беру ұйымдарына педагогтер, қызметкерлер мен ата -аналардың кіруі үшін Ashyq жүйесін енгізуді тапсырды.

Еске сале кетсек, бұған дейін биыл оқушылар дәстүрлі форматта оқитынын жазған едік.

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі қазақстандық оқушылар мектепте білім алған кезде сақталуы тиіс шарттарды айтты.

Министр Алексей Цой айтқан ережелер қатарында мыналар бар:

  • Вакцина салдыруға қарсы көрсетілімі барлар мен 3 ай ішінде коронавируспен ауырғандарды қоспағанда, педагогтер 100 пайыз вакцина салуы керек;
  • Педагогтер, ата-аналар мен қызметкерлер мектепке кірер кезде Ashyq қосымшасын пайдалануы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926644-elimizdin-mektepterinde-ashyq-zuiesi-engiziletin-boldy/