jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Үкімет басшысы ұстаздарды вакциналауға қатысты тапсырма берді

окушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министр Асқар Мамин 25 тамызға дейін ұстаздарды толықтай вакциналау жөнінде тапсырма берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектептерді дәстүрлі форматқа көшіру мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, ұстаздар мен техникалық қызметкерлердің барлығы вакцина алған жағдайда ғана балаларды оффлайн режимде оқытуға болады.

"Қазіргі заңнама мен эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, ұстаздар мен мектеп ұжымы 100 процент вакцина алса ғана дәстүрлі форматта оқытуды бастауға болады. Медициналық тұрғыдан қарсы көрсетілімі барлар вакциналаудан босатылады. Сол сияқты коронавируспен ауырып шыққандар үш ай бойы екпе алмай жүре алады", - деді Цой.

Осыған байланысты үкімет басшысы Асқар Мамин 25 тамызға дейін ұстаздарды толықтай вакциналау жөнінде тапсырма берді.

"Оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамсыз ету бойынша ұйымдастыру шараларын тездетіп шешу керек. Осыған орай, білім және ғылым министрлігіне, денсаулық сақтау министрлігіне, өңірлердің әкімдіктеріне тапсырма береміз. Біріншіден, жаңа оқу жылында мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқу штаттық режимде ұйымдастырылсын. Екіншіден, осы жылдың 25-ші тамызына дейін медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардан басқа ұстаздар мен техникалық персонал вакциналаумен 100 процентке қамтамасыз етілсін", - деп атап көрсетті Мамин.

Бұдан бөлек, премьер-министр 20 тамызға дейін мектептерді санитарлық талаптарға сай жасақтауды тапсырды. Ұстаздар, қызметкерлер мен ата-аналар мектепке Ashyq жүйесі арқылы кіреді.

Үкімет басшысы ұстаздарды вакциналауға қатысты тапсырма берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.