Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Селқостыққа енді жол жоқ": ШҚО әкімі мейрамхана басшыларына қатаң талап қойды

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов мейрамхана басшыларымен онлайн-кездесу өткізіп, оларға қатаң талап қойды деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Даниал Ахметовтің сөзінше, бұған дейін мейрамханаларға санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтап, "Ашық" жүйесіне қосылу арқылы жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Алайда, кәсіпкерлер кейінгі уақытта клиенттерін арнайы қосымша арқылы тексеруді тоқтатып, облыстың "қызыл" аймаққа өткенін елемей, жұртқа жүйені қалай алдап, айналып өтуге болатынын ашық айта бастаған.

"Бұл селқостыққа енді жол жоқ. Біздің облыс COVID-19 індетінің таралуына байланысты "қызыл" аймаққа кірді. Вирус жұқтырғандардың саны күрт өсті. Осыған байланысты және жаңадан жұқтыру жағдайларының алдын алу үшін мейрамханалардың жанына пост қоюға тура келді. Бүгін рестораторлармен кездескенде не жауапкершілікпен жұмыс істейсіңдер, не мүлдем жұмысты тоқтататасыңдар, деп мәселені төтесінен қойдым", – дейді облыс әкімі.

Аймақ басшысы кәсіпкерлерге мейрамханалар жұмысын жалғастыруы үшін қатаң түрде "Ашық" жүйесі арқылы жұмыс істеп, келген қонақтардың мәртебесін шын тексерулері тиіс екенін тағы ескертті.

Онлайн-кездесу
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, олар клиенттердің жағдайын тексеру үшін қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға міндетеліп отыр.

Одан бөлек, мерекелік іс-шара өткізетіндері жөнінде екі тәулік бұрын әкімдіктерге ескертуі керек.

"Біз осылай ғана науқас адаммен байланыста болғандардың санын нақтылай аламыз. Карантин талаптарын бұзса және мейрамханаларға келген қонақтардың жаппай вирус жұқтырғаны анықталса ең қатаң шара қолданылады", – дейді Даниал Ахметов.

Әкімдіктің мәліметінше, кеңес қорытындысы бойынша, меморандум дайындау жөнінде шешім қабылданды. Оған жұмысты жалғастырғысы келетін және қоғам алдында жауап беруге дайынмын деген мейрамхана қожайындары қол қояды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927109-ne-zauapkersilikpen-zumys-isteisinder-ne-muldem-zumysty-toqtatatasyndar-sqo-akimi-restoran-bassylaryna-qatan-talap-qoidy/

pixel