Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК: Үш қалада терроризмді насихаттады деген төрт адам қамауға алынды

Опубликовано:

ұқк
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті радикалды ағымдардың жақтаушыларын ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

«Үстіміздегі жылдың 13 тамызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру күдігімен Атырау, Жаңаөзен және Шымкент қалаларының 4 тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды», - делінген комитет мәліметінде.

«Аталған адамдар шетелдік радикалды уағызшылардың ұстанымындағы дәстүрлі емес діни ағымның өкілдері болып саналады. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деп аталып өткен хабарламада.

Еске салайық, 8 шілдеде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз өндіру және Қазақстаннан Қытайға контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топтың құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесу бойынша арнайы операция жүргізген еді.

Одан бөлек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында трансұлттық қылмыстық тобының көмекшісін ұстады.

Қылмыстық ортаның "беделдісінен" жалған 400 мың АҚШ доллары тәркіленген. Сонымен қатар, ер адамға ақтөбелік кәсіпкерден автокөлік пен жер учаскесін заңсыз тартып алу фактісі бойынша айып тағылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927191-uqk-us-qalada-terrorizmdi-nasixattady-degen-tort-adam-qamauga-alyndy/

pixel