Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында қазақстандық студенттер қалай білім алады

Опубликовано:

Оқу орны
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Жаңа оқу жылында мектеп оқушылары ғана емес, колледж бен университет студенттері де дәстүрлі форматта оқитын болады. Алайда офлайн білім алу үшін санитарлық талаптарды орындау керек. Ал 18 жастан асқан студенттер вакцина алуға тиіс деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басты талап – вакцина алу

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой колледждер мен жоғары оқу орындарын дәстүрлі форматқа ауыстыру үшін оқытушылар, қызметкерлер, жатақхана мен асхана жұмысшылары толығымен вакцина алуы қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар, 18 жасқа толған студенттер де екпе салдыруы тиіс.

Санитарлық талаптарға сәйкес, жатақханаға тек вакцина алған студенттер ғана орналаса алады. Ал екпе салдырмаған жастар онлайн оқыту форматына ауыстырылмақ.

"Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында оқу корпустары, кітапханалар мен жатақханалардың кірберісінде міндетті түрде "Ashyq" қосымшасы болады. Одан бөлек, эпидемияға қарсы санитарлық талаптарды қатаң сақтау керек. Ол үшін медицина қызметкерлері оқытушылар мен білім алушылардың денсаулығын қадағалап отырады. Бұқаралық шараларға тыйым салынады. Сонымен қатар дәріс залдарында рециркуляторлар тұруы керек немесе бөлме іші үнемі желдетілуге тиіс", - дейді денсаулық сақтау министрі.

Бұдан бөлек, асханаларда, аудиториялар мен мәжіліс залдарында сақтық шаралары сақталуы керек.

Олар:

  • асханада отыратын адамдардың арасында кем дегенде екі метр арақашықтықты сақтау;
  • корпус бөлмелері, аудиториялар, спорттық және мәжіліс залдарын 40-50 процентке ғана толтыру;
  • зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар, сондай-ақ, жатақхана бөлмелерінің сыйымдылығын 50 проценттен асырмау.

Сабақта бетпердемен отырады

Министрліктің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев студенттердің вакцина алғанына қарамастан бептердені киюге міндетті екенін де жеткізді.

"Мектеп оқушылары да, студенттер де, оқытушылар да, мұғалімдер де оқу ғимаратының ішінде және сыртында міндетті түрде маска тағып жүруі керек. Бізде маска режимін тоқтату мәселесі әлі қаралған жоқ. Ұжымдық иммунитет қалыптасқан кезде ғана бұл мәселе қарастырылуы мүмкін. Себебі вакцина алғанына қарамастан вирусты жұқтыру фактілері бар. Оны ешкім жасырмайды. Сондықтан кез келген азамат вакцина алды ма, алмады ма, бетпердені міндетті түрде тағуы керек", - деді Байтанаев.

Осы орайда мониторингтік топтардың колледж пен университет аймағында тексеру жасап жүретінін айта кету керек. Ол үшін топ мүшелерінің құзіреті кеңейтіледі. Олар оқу орындарына, соның ішінде асханалар мен жатақханаларға емін-еркін кіріп, санитарлық талаптарды бақылайды. Ал тәртіп бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927447-zana-oqu-zylynda-qazaqstandyq-studentter-qalai-bilim-alady/

pixel