RU

Алматыда локдаун жаз соңына дейін ұзартылды: Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, оңтүстік астанада карантин 31 тамызға дейін жалғаспақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тиісті құжатта Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындардың қызметіне, кәсіпорындардың қызметіне (Ashyq-қа қатысқанына қарамастан) демалыс және мереке күндері тыйым салынатыны көрсетілген.

Сондай-ақ, оқу орындары мен мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын жаңа талаптар белгіленді:

  • оқушылар көп жиналатын орындарда – асханаларда, дәретханаларда, рекреацияларда ауа рециркуляторлары орнатылады;
  • барлық білім беру мекемелерінде Ashyq жүйесі енгізілді;
  • бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктен кіреді;
  • барлық қызметкерлер мен балалар күнделікті таңертеңгі сүзгіден өтеді;
  • бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;
  • оқушылар сыныптан - сыныпқа көшіп оқымайды;
  • бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары үзіліске бір мезгілде шықпайды.

Қаулының толық мәтінімен сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір COVID-19 инфекциясының таралу көрсеткіші бойынша Түркістан облысынан өзге аймақтың барлығы "қызыл" аймақта тұр.

Түркістан облысы 15 тамызда сарыдан "жасыл" аймаққа өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927487-almatyda-lokdaun-zaz-sonyna-deiin-uzartyldy-beksin-zana-qaulyga-qol-qoidy/