Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жануар да жылайды": Маңғыстаудағы "жұттан" қатты ашыққан жылқының жылаған видеосы тарады

Опубликовано:

Жылқы
Скриншот: facebook/Алмасбек Садырбаев

Қоғам белсендісі Алмасбек Садырбаев Facebook желісіндегі парақшасында Маңғыстаудағы аштан қырылған жылқылар мәселесін қайта көтерді. Ол қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселеге халық болып атсалысу қажет екенін айтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Құрметті қауым! Мен сіздерден кешірім сұраймын. Сіздерде өте маңызды дүниелер өте көп.

Мына жақта болмайтын мәселе, қазақтың шаруасының малы күнде жан тапсыруда. Ол хайуандарда тіл жоқ. Бірақ, көзіне қарасаңыз адам сияқты жас ағып жылайды. Мен аманат қылып алғандай, көз алдымда осы жануарлардың бейнесі.

Өкіметке де, кейбір елге де өкпем қара қазандай. Жыным келіп, қаным қайнайды. Өзімше бүк түсіп алғым келеді.

Бірақ мынандай қиналған жануардың қиналып жатқанын көргенде, бәрін ысырып қойып қайта әрекет жасауға көшемін.

Сіздерді "маңызды" сұрақтардан мазалап уақыттарыңызды алғаныма кешірім сұраймын!", - деп жазған ол осы видео арқылы Маңғыстаудағы жайтқа көмек қолын созу мәселесіне ел назарын аударғысы келетінін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927621-zanuar-da-zylaidy-mangystaudagy-zuttan-qatty-asyqqan-zylqynyn-zylagan-videosy-tarady/

pixel