jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Амангелді Айталы: "Босқындарды қабылдаңдар" деп ешқандай халықаралық ұйым бізге айта алмайды

Ауған босқындары
Фото: STR/NurPhoto via Getty Images

Әлемді алаңдатқан Ауғанстан астанасы Кабулдағы жағдай Қазақстанға қауіп төндіре ме? Бұған қатысты белгілі саясаткер Амангелді Айталы өз ойын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ауғанстанда көптеген террористік, соның ішінде Сириядағы ИГИЛ "Ислам мемлекеті" секілді басқа да экстремистік топтар бар. Олар сөз жоқ әртүрлі жолдармен Орта Азия мемлекеттеріне, Қазақстанға кіруге тырысады. Біз теледидардан көріп жүргендей бастарына шалма орап, сақалмен келмейді. Олар интелегентті киіммен келеді", – дейді Амангелді Айталы.

Оның сөзінше, мұндай жағдайға біздің әскер дайын, себебі радикалдық діни қозғалыстармен елдегі күрес биыл ғана басталмаған.

"Біз бұл қауіппен күні бүгін ғана күресіп жүрген жоқпыз. Бұрын да талай экстремистер Ауғанстан арқылы Тәжікстан, Өзбекстан шекарасынан өтіп, біздің елімізге келген. Талай адамдар ұсталған. Оны біз білеміз. Сондықтан бұл жағдайға біздің әскеріміз дайын", - дейді саясаткер.

Ал босқындарға келсек, бұрынғы депутаттың айтуынша, ешқандай халықаралық ұйым Қазақстанға босқындарды қабылдау туралы айта алмайды. Себебі елімізде босқындарды қабылдау туралы заң жоқ.

"Біз ол заңды қабылдаған жоқпыз. Сондықтан "босқындарды қабылдаңдар" деп ешқандай халықаралық ұйым бізге айта алмайды. Тек "Босқындар" туралы заң қабылдаған елдер қабылдайды", – дейді Амангелді Айталы.

Сөз соңында саясаткер Ауғанстандағы ішкі жағдайдың қиын екенін мәселе осыда екенін айтты.

"Біріншіден, бұл елде үш үлкен ұлттық топ бар: негізгі халық саналатын пуштундар, хазарлар (өзбектер), тәжіктер. Бұлардың басы қосылып, бір мемлекет болады деу қиын", – дейді ол.

Еске сала кетейік, 15 тамызда "Талибан" (Қазақстан мен бірқатар мемлекеттерде тыйым салынған экстермистік ұйым) әскері Кабулды ұрыссыз бағындырды. Ел президенті болған Ашраф Гани өкілеттілігін тоқтатып, мемлекеттен кетті.

Амангелді Айталы: "Босқындарды қабылдаңдар" деп ешқандай халықаралық ұйым бізге айта алмайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.