Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегің ауырады": Ауғанстанда ұшу алаңында қалып қойған сәбидің суреті елді жылатты

Опубликовано:

Фото
Фото: ren.tv

Желіде Ауғанстан астанасы Кабулдың әуежайында қалып қойып, жылап жатқан кішкентай баланың суреті пайда болды. Әлем халқы сәбидің тағдырына алаңдап, аяушылық білдіріп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көптің жүрегін қан жылатқан сурет туралы әлемдік БАҚ өкілдері де жарыса жазып жатыр. Онда қысқа ақ жейде мен шорты киген баланың, азық-түлік салуға арналған көк себетте қалып қойғанын анық көруге болады.

Ресейлік басылымдардың мәліметінше, нәресте Ауғанстан астанасы Кабулдағы әуежайдың ұшақтар ұшатын алаңында қалып қойған.

Өкініштісі, кішкентай балақай жылап жатыр. Суретте сонымен бірге оның тікенек сым жанында жатқаны байқалады.

Ауғанстандық сәбидің аянышты суреті қазнет қолданушыларын да бей-жай қалдырмады.

Желі қолданушылары сәбидің тағдырына алаңдап, түрлі пікірлерін жаудырып жатыр.

"Мынадай суретті көріп, жүрегің қан жылайды екен, аман бол балақай", "Бейбіт өмірге не жетсін, әлемде балалар бақытты болсыншы", "Мына балапанның тағдыры не болды екен? Қандай тасжүрек ата-ана осылай өз баласын қалдырып кетеді екен?", "Суретті көріп, жүрегім ауырып отыр, періштелердің еш кінәсі жоқ" деп оқырмандар өз пікірлерін жазған.

Еске сала кетейік, тамыздың 15-і күні "Талибан" радикалдық қозғалысының өкілдері Ауғанстанның барлық аймағын өз бақылауына алған болатын. Қазіргі таңда елді уақытша кеңес басқарып отыр. Олар жақын арада елдегі билік толық талибтерге өтетінін мәлімдеуде.

Осыған орай, Ауғанстан халқы ел астанасындағы ұшақтарға мінгесіп, елден безіп кетіп жатыр. Кабул әуежайы мен ондағы ұшақтарға жармасқан жұрттың суреті, бүгінде бүкіл әлем халқының алаңдатушылығын туғызып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927787-zuregin-auyrady-auganstanda-usu-alanynda-qalyp-qoigan-sabidin-sureti-eldi-zylatty/

pixel