Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ сыныптары жабылуда": Петропавлдағы мектептің жағдайы туралы қалалық басқарма түсініктеме берді

Опубликовано:

мектеп
Фото: Facebook/Эльмира Каленова

Журналист Эльмира Каленова желіде Петропавлдағы 21-ші мектепте қазақ сыныптары жабылып, оқушылар таратылып жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, аталған мектеп орналасқан шағын ауданда бұдан басқа қазақ мектебі жоқ. Қалалық білім басқармасы желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналист Эльмира Каленова желіде Петропавлдағы 21-ші мектепте қазақ сыныптары жабылып, оқушылар таратылып жатқанын хабарлады.

"Қалалық білім бөлімінің мамандары ата-аналарға ол мектепте сапалы білім жоқ екенін, балалардың болашағын ойласа басқа жерде оқыту керектігін айтыпты. Аталған шағын ауданда басқа қазақ мектебі жоқ. Оқушыларға «Берекедегі» 25-ші мектепке бару ұсынылыпты. Кей ауданның тұрғындары ол жаққа қатынау үшін екі рет автобусқа мінеді.

Иә. Сапалы біліммен қамтамасыз етудің орнына сыныптарды жабу жеңілірек. Бұл түрімізбен қашан қазақ боламыз? Оқу жылының басталуына санаулы күндер қалғанда жұмыссыз қалған мұғалімдер қайда бармақ? Білім бөліміндегілер қит етсе қазақ сыныптарын жабамыз дегенді қашан қояды?", - дейді ол.

Аталған жайтқа қатысты Петропавл қалалық білім бөлімінің басшылығы ресми түсініктеме берді. Басқарманың мәлімдеуінше, аталмыш мектепте қазақтілді сыныптар 2012 жылы сұраныс жоғары болған кезде ашылған.

"Қазақ тілді сыныптарға сұраныс жоғары болғандықтан 2012 жылы 21 орта мектепте мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптар ашылған болатын. Уақыт талабына сай қаламызда 6 қазақ мектебінің ашылуымен қазақ тілінде білім алғысы келетін оқушылар өз ықшамаудандарындағы мектептерге бара алады. Ата-аналар жиналысы барысында ата-аналар дүйсенбіге дейін өз жауаптарын айтуы тиіс. Қалуға ниет білдірген жағдайда, барлық қазақ тілді сыныптар жұмыстарын жалғастырады", - дейді білім басқармасының мамандары.

Айта кетейік, білім басқармасының мәлімдеуінше, Петропавлда бүгінгі таңда мемлекеттік тілде білім беретін 6 мектепте 4500-ге жуық оқушы оқиды. Соңғы үш жылда қалада қазақ тілді 3 мектеп пайдалануға берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927940-qazaq-synyptary-zabylyp-zatyr-petropavldagy-mekteptin-zagdaiy-turaly-qalalyq-basqarma-tusinikteme-berdi/

pixel