Қуанышбек Есекеев: "Қазақтелеком" қолданушыдан тікелей келіп түскен ақпаратты жоғары бағалайды
Жарияланған күні:
NUR.KZ порталында бүгін "Қазақтелеком" АҚ Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеевтің дәстүрлі онлайн-конференциясы басталды – биыл ол екінші рет, ал екі жылдың ішінде төртінші рет өткізіліп отыр. Алдыңғы үш конференция барысында компания басшысы қазақстандықтардың 5 мыңнан астам сұрағына жауап берді: оның әр абонентпен осындай қарқында қарым-қатынас орнатуы ірі телеком-оператордың шын мәнінде объективті ақпарат алу мен өз қызметін бағалау үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатынын дәлелдей түседі.
2020 жылы "Қазақтелеком" өзінің абоненттік базасымен қарым-қатынаста нағыз революция жасады: карантиндік шектеулерге байланысты компанияның қызмет көрсету нүктелері әдеттегідей жұмыс істей алмайтын жағдайда, тұтынушыларға қызмет көрсету WhatsApp пен Telegram мессенджерлеріне толықтай ауысты. Бұл "Қазақтелеком" клиенттерінің кез келген мәселелерін шешу процесін жеңілдетіп қана қоймай (мессенджерлер компанияның сервистік қызметтеріне тәулік бойы жұмыс істеуге мүмкіндік берді), сонымен қатар компанияға сенімді кері байланыс арнасын құруға және өз жұмысының сапасы туралы тікелей қолданушылардан шынайы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Десе де, "Қазақтелеком" АҚ бірінші басшысы Қуанышбек Есекеев Қазақстанның ең танымал ресурстарының бірінде өткізілетін интернет-конференция елдің ірі телеком-операторының қызметін жетілдірудің тиімділігі жоғары құралы болып қала береді деген пікірде. Оның үстіне, бұл құрал екі жаққа да тиімді - клиенттер өздерін қызықтыратын сұрақтарға толық және сауатты жауап ала алады. Компания болса, қолданушылар жолдаған сұрақтардың көмегімен өз қызметіндегі түйткілдерді анықтап, оларды тез арада жоя алады, сонымен бірге осындай тікелей байланыстың көмегімен "Қазақтелеком" абоненттік базасын жетілдіруде.
"Құрметті NUR.KZ ресурсының оқырмандары, ағымдағы жылдың 20 тамызынан бастап осы ең танымал интернет-ресурстың алаңында екі апта бойы "Қазақтелеком" АҚ басшылығының кезекті онлайн-конференциясы өтеді. Біз өз клиенттерімізбен "кері байланыс" жасаудың бұл мүмкіндігін үнемі пайдаланамыз және одан бас тартпаймыз, себебі бұл сіздерден келетін сигналдарды біздің www.telecom.kz ресми сайтымыздағы "жеке кабинеттерден" де, әлеуметтік желілерден де, WhatsApp мобильді қосымшасынан да қабылдауға жағдай жасайды. Алайда NUR.KZ алаңындағы конференциялар бізге өз аудиториямызды толықтай қамтуға мүмкіндік береді", - дейді Есекеев мырза.
Өткен жылы Қуанышбек Есекеевтің екі интернет-конференциясы барысында 3 мыңнан астам қазақстандық өз өтініштеріне жауап алды, осы көктемде "Қазақтелеком" басшысына келіп түскен өтініштердің жалпы саны 6 мыңға жетті. Енді компания тамыз айында бұдан кем түспейтін өтініштер легіне дайындалып жатыр, себебі алдыңғы үш конференциядағы сұрақтардың жартысынан көбі "Қазақтелеком" АҚ қызметтеріне қосылу мүмкіндігіне қатысты болды. Ал енді бұл мүмкіндіктер жаңа талшықты-оптикалық магистраль құрылысының өткен жылы аяқталуының арқасында қалаларда да, ауылдық жерлерде де бірнеше есе өсті.
Естеріңізге сала кетейік, 14,5 мың шақырымға жететін талшықты-оптикалық желілер құрылысының арқасында 828 ауылдағы мемлекеттік мекемелер жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізді және осы қосылулардың негізінде бүгінде барлық жерде жаңа жобалар әзірленуде, олардың көмегімен "Қазақтелеком" мен оның тобына енетін ұялы байланыс операторлары осы елдімекендерде де, оған жақын орналасқан ауылдарда да әр үйге жоғары жылдамдықты интернет, IP-телефония және интерактивті теледидар қосуда. Ірі оператор қазір бұл жұмысқа жеке сервистік компанияларды да белсенді түрде тартуда, бұл оған ауылдарда да, қалаларда да желілерді жылдам таратуға көмектеседі.
Бүгінде "Қазақтелеком" қазақстандық қалаларда – ірі қалалардан бастап кішігірімдеріне дейін – GPON технологиясын қолдана отырып, көпқабатты үйлерді өз қызметтеріне қосуды белсенді түрде жүзеге асыруда, бұл деректерді беру жылдамдығын 500 Мб/с дейін арттыруға және әрбір абонентті ең ауыр жүктеме болған кезде де ақаулардан қорғауға мүмкіндік береді. Биылғы конференцияның кейбір сұрақтары осы технологияны қолдана отырып, компанияның қызметтеріне қосылу төңірегінде болары сөзсіз, конференция қатысушыларын қызықтыруы мүмкін тағы бір қызмет – "Қазақтелеком" мамандары 2020 жылдың көктемінде іске қосып, шілдеге дейін 110 мыңнан астам абонент жинап үлгерген TV+ платформасы.
"Біздің жаңа өнім абонентке бірегей және оңтайлы жеке ТВ-пакетті "өз қолымен" құруға, оны бір уақытта бірнеше гаджеттерде қарауға мүмкіндік береді. Оның үстіне, қолданушыда кинескопты ескі теледидар болса да, STB-приставкасы оған біздің платформадағы видеоларды ең жақсы сапада көруге мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, көрермен видеоны қандай гаджетте қараса да, сапасы әрқашан HD немесе 4K деңгейінде қалады. Біз осы платформа аудиториясы биылғы конференция арқылы да одан әрі өсе түседі деп күтеміз", - дейді компанияның басқарма төрағасы.
Сонымен қатар, ұзақ жылдар бойы өзін клиенттерге бағдарланған компания ретінде танытып келе жатқан "Қазақтелеком" ұсынылатын қызметтердің сапасына қатысты өтініштерге де ерекше ден қояды. Ондай өтініштердің үлесі үнемі төмендеп келе жатса да (2020 жылы абоненттер қойған сұрақтардың жалпы санының 14%-ынан ағымдағы жылдың ақпанында 9%-ға дейін), олардың ешқайсысы компания басшылығының назарынан тыс қалмайды. Оның үстіне, Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, интернет-конференцияларға қатысушылардың әр сын-пікірі компания мамандарының жан-жақты талдауына алынады.
"Мұндай өтініштердің саны күн санап азайып жатқанына қарамастан, біз оларға жан-жақты талдау жүргізуді өз қызметімізді жетілдіре түсудің жақсы мүмкіндігі деп білеміз. Әр клиенттің пікірі біз үшін өте маңызды, бұл бізге өз жұмысымызда нені өзгерту керектігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар жақын арада "Қазақтелеком" қандай қызмет түрлеріне назар аударуы қажет екеніне бағыт береді. Осыған байланысты біз қазақстандықтарды биылғы интернет-конференцияға белсенді қатысуға және біздің компанияның одан да жақсы бола түсуіне көмектесуге шақырамыз", - деп қорытындылады Есекеев.
Конференция 2021 жылы 20-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында өтті.
Егер сізде сұрақтарыңыз болса, сіз «Қазақтелеком» мамандарымен келесі нөмірлер арқылы хабарласа аласыз:
Сұрақтар бойынша кеңестер — 160, дс-жс: 09: 00-21:00 (ұялы тел. қоңырау ақылы).
Қызметтің дұрыс жұмыс істемеуі бойынша сұрақтар — 165, дс-жм: 08: 00-21:00, сн-жс: 09: 00-20:00. Мейрам күндері: 09: 00-20:00 (ұялы тел. қоңырау ақылы).
Баланс бойынша сұрақтар — 195, тәулік бойы (ұялы тел.қоңырау ақылы).
Сонымен қатар +7 708 0000 160 нөмірі бойынша абоненттер үшін тәулік бойы WhatsApp каналы қолжетімді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928102-quanysbek-esekeev-qazaqtelekom-qoldanusydan-tikelei-kelip-tusken-aqparatty-zogary-bagalaidy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.