Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сымға ілінген сәбилер": Ауған аналарының аянышты күйін айтқан британ сарбазы жылап жіберді

Опубликовано:

Фото
Фото: pixabay.com

Желіде Ауғанстандағы аналар мен балалардың Британ әскерінен көмек сұраған видеосы тарады деп хабарлайды life.ru.

Басылымның мәліметінше, желіде Ауғанстан астанасы Кабул әуежайының маңында түсірілген видео тараған.

Онда елден кете алмаған жүздеген адамның британ әскерилерінен көмек сұрап жатқан сәтін анық көруге болады.

Өкініштісі, әуежайды басып алған халықтың арасында аналар мен балалардың көп екені байқалады. Олар өздерінің басын қауіпке тігіп, британ сарбаздарынан тым құрыса балаларын аман алып қалуды сұраған.

Амалы құрыған аналардың бірі сәбиін өз қолымен әскерилерге тапсырса, енді бірі балақайларды тікен сымның арғы бетіне лақтырып жатқан. Британ сарбаздары мұндай сұмдықты бұған дейін көрмегенін айтып, көздеріне жас алған.

"Аналардың көздеріндегі қайғы мен шарасыздықты көрудің өзі қорқынышты болды. Себебі оларды тәлібтер аямай ұрып-соққан. Олар "Баламды құтқаршы" деп айғайлап, сәбилерді бізге лақтырды. Балалардың кейбірі тікен сымға ілініп қалып жатты. Көзбен көрген сұмдық жайттарды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Түн батқанда, біздің арамызда көзіне жас алмаған ешкім болмаған шығар", - дейді британ әскерилерінің бірі.

Ресейлік басылымның мәліметінше, британ әскерлері қалай тырысса да, олар елдің барлық тұрғындарын көшіріп әкете алмайтын көрінеді.

Қазіргі күні әуежай жанындағы Baron қонақүйінде британ сарбаздары ағылшын азаматтары мен 20 жыл соғыста үкіметке жұмыс істеген ауған азаматтарын жинап жатыр екен.

Ал Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес болса, әскерилер балаларды ата-анасы болмаса, әкетпеу керектігін мәлімдеген. Ол сәбилермен бірге бүкіл отбасыны көшіру қажеттігін жеткізіпті.

Сондай-ақ, ол видеодағы балақайларға алаңдамауды сұраған. Айтуынша, ондағы сәбилердің бәрі ата-аналарымен бірге елден кеткен.

Сонымен бірге, Уоллес бүгінге дейін барлығы 120 отбасыны көшіргендерін, ал жақын арада тағы да 138 отбасы елден кететінін мәлім еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928197-symga-ilingen-sabiler-augan-analarynyn-ayanysty-kuiin-aitqan-britan-sarbazy-zylap-ziberdi/

pixel