Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде автобус жүргізушілері екі күн бойы жұмысқа шықпай қойған

Опубликовано:

қоғамдық көлік1
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде бір топ қоғамдық көлік жүргізушісі екі күн бойы жұмысқа шықпай отыр. Олар жол ақысын қолданысқа енгізілген картамен емес, қолма-қол ақшамен төлеуді талап етуде деп жазады Қазақпарат.

"Автопарк" ЖШС директоры Ағарыс Тілеулесов себепсіз 80 жүргізуші жұмысқа шықпай қалғанын жеткізді.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта №24, 26, 15, 7, 11 секілді бағыттағы қоғамдық көліктер тоқтап тұр.

"Автобус жүргізушілері электронды билет енгізген соң банк арқылы карта ашуы керек еді. Кейбірі бұдан бас тартты. Себебі несие қарызы, алименті бар. Кейбірі салық төлемеген. Ал банк картасы бар адамдар жалақысын алып отыр. Шынына келгенде, бәрінің картасы жоқ деп айта алмаймын. Кейбірі бір-бірін қолдап, бүгін жұмысқа келмеді", - деді "Автопарк" ЖШС директоры.

Ағарыс Тілеулесовтың сөзінше, электронды билет төлем жүйесі енгізілгенімен, табыс артпаған. Техникалық қажеттілік, салық пен жанар-жағармай, жүргізушілердің жалақысын көтеру кірісті арттыруға мүмкіндік бермеген.

Ол қазір жүргізушілер 120-300 мың теңге аралығында жалақы алатынын алға тартты. Олардың еңбекақысы жұмыс жүктемесіне қарай есептеледі.

"Екі ай мүмкіндік берілді. Банк картасы болмаса енді қолма-қол бере алмаймыз. Қазір 40-50 пайызы жалақы ала алмай жүр", - деді Ағарыс Тілеулесов.

Басылым мәліметінше, жүргізушілердің жұмысқа шықпай қалғанын естіген еңбек инспекциясының өкілдері де серіктестікке барған.

"Бүгін тасымалдау компаниясының жұмысшыларынан арыз-шағым түспеді. Дегенмен жүргізушілер жұмысқа шықпай қалған соң себебін білуге келіп тұрмыз. Себепсіз, негізсіз жұмысқа келмесе, тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін. Оның төрт түрі бар. Тіпті жұмыстан шығаруға құқылы", - деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928210-aqtobede-avtobus-zurgizusileri-eki-kun-boiy-zumysqa-syqpai-qoigan/

pixel