Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"121 баллмен грантқа түскен жоқ": Оқуға түсерде дұрыс таңдау жасамаған түлектер сан соғып қалды

Опубликовано:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: baribar.kz

Профориентолог маман Жадыра Тойбай жоғары балл жинаса да, грантқа түсу үшін құжат тапсырарда қателік жіберген түлектердің биыл да кездескенін айтты. Мектеп бітірушілерге жоғарғы оқу орнын және тиісті мамандықты таңдауда жөн сілтейтін маман өзіне қуаныштан қоңырау шалған жастардың көп болғанын да жасырған жоқ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"121 баллмен грантқа ілінбей қалдым дегенді оқып ішім ашыды... Дұрыс таңдау жасағанда грантқа түсіп, қуаныштан құстай ұшар еді. Осындай өкініштің дәмін татпасын деп, өтініш білдірген 101 балаға талдау жасап бердік.

Таңдау пәні мен ҰБТ-дан алған баллына қарай қандай мамандыққа, қандай оқу орнына түсуге болатынын көрсеттік. Конкурс нәтижесі шыққан сәттен 10 минут өткен соң: «Апай, мен грантқа түстім ғой» деген алғашқы хабарлама келді. Жүрегі аттай тулап тұрғаны, қуаныштың екпіні экранның екінші шетінде оқып отырған маған сезілді...

Екінші хатта: «Апай, мен қарауға қорқып тұрмын, сіз көріп беріңізші» деді... Қарасам, 54 баллмен грантқа СЭС-ке түсіпті «Бар екенбіз» деп скрин жіберіпті. 98 баллмен шет тілі мұғаліміне түсіпті.

«Түстім, түстім оқуға, грантқа түстім апай» деген хабарламалар санында шек жоқ. Қуаныштың лебі желдей ескен дауысын қайта-қайта тыңдай бергің келеді екен.50 баллмен, инженерлік мамандыққа грантқа түскен оқушы да табылды.

«Өзіміз таңдаған емес, сіз айтқан мамандыққа түстік қой», «Сіз осы мамандықты белгілетпегенде грантқа түспей қалады екенбіз», «Алғыс айтудан жалықпаймын сізге» дейді енді бірі.

Біз айтқанмен белгілегісі келмей, өзгертемін деп анализ жасатқан 101 түлектің 8-і грантқа ілінбей қалды.

Өкінішті, әрине... Оларға стипендия болмаса да, тегін грантта оқуға болатын басқа да мүмкіндіктерді қарастырып, барынша көмектесіп жатырмыз. Жағдайларына қарап та, біраз тегін көмек көрсеттім.

Сөйтіп бірге күліп, қуаныштан бірге жылап жүрген бұл грант конкурсының да дүрбелеңі аяқталып келеді.

«Сіздерді кеш білдім, 117 баллмен грантқа ілінбей қалдық. Төртеуіне де бір мамандықты жазып едік» деп жазыпты бір оқырман.

Осындай қателік жасамау үшін дұрыс таңдау жасап беретін білікті маманға жүгінген дұрыс шығар", - дейді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928470-121-ballmen-grantqa-tusken-zoq-oquga-tuserde-durys-tandau-zasamagan-tulekter-san-sogyp-qaldy/

pixel