Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталды

Опубликовано:

күдікті әйел
Көрнекі фото: www.gazeta.ru

Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген.

Нәтижесінде Петропавл қаласынан келген екі әйелдің Telegram мессенджері арқылы "жылдамдық" және "меф" деп аталатын жүйкеге әсер ететін заттардың тасымалымен айналысқаны анықталды.

Ведомство әйелдердің бірі 8 және 6 жастағы екі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана екенін жеткізді.

Күдіктінің өңір аумағына маусым айында келгені айтылды. Біраз уақыттан кейін оның апайы да қылмыстық іске араласқан.

"Пәтерді тінту барысында 2 мыңнан астам бір реттік доза, 700 грамм синтетика есірткі тәркіленді. Оның «қара нарықтағы» бағасы 11 млн теңгеден асады", - деді департамент бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296 және 297-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928633-sqo-da-esirtki-tasymalymen-ainalysqan-zalgyzbasty-ana-ustaldy/

pixel