jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы қайтыс болды

Арман Жұмахметов
Арман Жұмахметов. Фото: ҰҚК ресми сайты

24 тамызда Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы, полковник Арман Жұмахметовтің қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтында хабарланды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің басшылығы, сондай-ақ "Застава тарландары" республикалық қоғамдық бірлестігі Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы полковник Арман Орақұлы Жұмахметовтің қайғылы қазасына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Марқұмның неден көз жұмғаны хабарланбаған.

Ведомство мәліметінше, полковник Жұмахметов 1995 жылы ҰҚК Әскери институтын аяқтап, шекара заставасы бастығының орынбасарынан бастап Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығына дейінгі лауазымдарда қызмет атқарған. "Орны толмас қазаға ортақпыз. Сіздерге күш-қуат пен сабыр тілейміз. Өз өмірін Отанға қызмет етуге арнаған нағыз офицер әрі патриот жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", - делінген хабарламада.

Шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.