jitsu gif

ҚМДБ ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады

намаз147
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ертең, 27 тамыз жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады.

Мүфтияттың мәліметінше, соңғы күндері ҚМДБ-ға "Жұма намазы оқыла ма?" деген сауалмен көптеген адам хабарласатын болған.

Тіпті, діни ақпарат беру орталығының (Call орталық) 8 71 72 33 30 30 нөміріне бейсенбі-жұма күндері хабарласушылардың басым көпшілігі қасиетті күні оқылатын намаздың өтетін-өтпейтінін сұрайтын көрінеді.

"Осы орайда еліміздің қай өңірлерінде 27 тамыз күні жұма намазы қай өңірлерде оқылатыны жөнінде жамағатты құлағдар етуді жөн санап отырмыз. ҚМДБ-ға қарасты 19 өкілдік болса, соның тек 5-уінде ғана жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған. Ал қалған өңірлерде жұма намазы мешіт ауласында атқарылып келеді.

Сондай-ақ, елімізде карантин күшейтілген күндердің өзінде жұма, жамағат намаздары оқылмай қалса да, мешіттерде бес уақыт намазға азан айту үзілген емес", – дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Осы орайда ҚМДБ ертең, 27 тамыздағы жұма намазы қай қалаларда оқылатыны жайлы мәлімет берді.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – оқылмайды
  • Алматы қаласы – оқылмайды
  • Шымкент қаласы – оқылмайды
  • Алматы өңірі – мешіт ауласында оқылады
  • Шығыс Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Қарағанды облысы – оқылмайды
  • Атырау облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Солтүстік Қазақстан облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Ақмола облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Ақтөбе облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Батыс Қазақстан облысы – оқылады
  • Маңғыстау облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Түркістан облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Павлодар облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Семей өңірі – мешіт ауласында оқылады
  • Талдықорған өңірі – мешіт ауласында оқылады
  • Қызылорда облысы – мешіт ауласында оқылады
  • Жамбыл облысы – оқылмайды
  • Қостанай облысы – мешіт ауласында оқылады.

Сонымен қатар, діни басқарма мешітке келуші жамағаттан санитарлық талаптарды ескеріп, бетперде тағып келуді, антисептик пайдалануды және пандемия жағдайына байланысты бекітілген ережелерге түсіністік танытуларын сұрайды.

ҚМДБ ертең жұма намазы қай өңірлерде оқылатынын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.