Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев Нұрсұлтан Назарбаевқа Жамбыл облысындағы ахуалды баяндады

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Телефонмен сөйлесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президентіне Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы төтенше жағдайға байанысты өңір халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берілді.

Елбасы зардап шеккендердің бәріне көмек көрсетуді ұйымдастыру мен төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмыстың маңыздылығын атап өткен.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Салдыран 5 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам із-түзсіз кеткендер қатарында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 90 адам зардап шеккен.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Айта кетейік, еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929238-saparbaev-nursultan-nazarbaevqa-zambyl-oblysyndagy-axualdy-bayandady/

pixel