Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ермекбаев: Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан кейінгі өрт сөндірілді

Опубликовано:

Нұрлан Ермекбаев
Нұрлан Ермекбаев. Фото: ОКҚ

Жамбыл облысында оқ-дәрі жарылған жерде шықан өрт толығымен сөндірілді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтың сөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Министрдің айтуынша, әскери қызметшілер өрт ошақтарында жұмыс істеп жатыр.

Тілсіз жау толығымен сөніп, бықсып жатқан екі қойма ғана қалған.

"Халықтың қауіпсіздігін жүз пайыз қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылдануда. Сақтау базасы қоршалған маңға жақын салынған бірнеше үйдің тұрғындарын қоспағанда, барлығы өз үйіне оралды", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қорғаныс министрлігі әскери саперлер қоймада жұмыс істеп жатқанын атап өтті. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының инженерлік әскерилері оқ-дәрі қоймасының аумағын тазалауға кірісті. Бөлімшелер инженерлік және брондалған машиналарды пайдалануда.

"Әскери саперлер темір жол мен іргелес жатқан елді мекендер аумағында инженерлік барлау жүргізіп, тазалап шықты", - деп түйіндеді қорғаныс ведомствосы.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Оған қоса Қорғаныс министрлігі де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929388-ermekbaev-zambyl-oblysynda-askeri-qoimadagy-zarylystan-keiingi-ort-sondirildi/

pixel