Елімізде бір тәулікте 100-ден астам адам COVID-19 мен пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Bharat Bhushan/Hindustan Times via Getty Images

Қазақстанда коронавирус және ковидтік пневмониядан болатын өлім-жітімнің соңғы деректері жарияланды. Осылайша, 29 тамызда 104 науқас қайтыс болды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы.

Көрсетілген мәліметтер бойынша, 29 тамызда 82 науқас COVID-19-дан қайтыс болды, ал 22 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмған.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын аталған екі аурудан болған өлімді қоса алғанда 124 адам қайтыс болған;

Оның алдындағы тәулікте денсаулық сақтау министрлігінің статистикасы коронавирус пен пневмониядан 135 өлімнің болғаны туралы хабарлады.

Сондай-ақ, 29-ы күні республикада коронавирус белгілері бар пневмонияның 39 жаңа жағдайы анықталғаны хабарланды.

Айта кеткен жөн, Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты жаңартылған мәліметтер жария болған еді. Ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте тағы 4322 адамнан коронавирус анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929568-elimizde-bir-taulikte-100-den-astam-adam-covid-19-men-pnevmoniyadan-qaitys-boldy/