Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полицей қарамағындағы қызметкерлерді ұрды деп айыпталды (видео)

Опубликовано:

Ер адам мен полицей
Видеодан алынған кадр: instagram.com/kris_p_tdk

Әлеуметтік желілерде ер адамның өзінен қашып бара жатқан полиция қызметкерін қуып жетіп, ұрғаны көрінетін видео жарияланды. Жазба авторы полицейге жұдырық ала жүгірген азаматтың өзі де полиция қызметкері екенін алға тартты. Бұл жағдайға қалалық ПД-да түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео kris_p_tdk Instagram парақшасында жарияланды.

Жазбаның сипаттамасында видеодағы Наурызбай ауданы полиция бастығы орынбасары екені жазылған, автор лауазымды полицейдің жас офицерлерді жүйелі түрде ұрып-соғатыны туралы болжайды.

Алматы қаласы ДП бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов бұл факті бойынша қызметтік тергеу басталғанын айтты.

Сонымен қатар, департаменттің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне мән-жайды түсіндірді.

Олар қызметтік тексеру кезінде видео жан-жақты зерттелетінін және бұл оқиғалардың қандай жағдайда болғанын анықтайтынын айтты.

"ПД тәртіптік комиссиясы кінәлілерге қатаң шаралар қабылдайды. Тіпті ішкі істер органдарындағы жұмысынан шығару қарастырылған", – деп атап өтті департаментте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929589-almatylyq-policei-qaramagyndagy-qyzmetkerlerdi-urdy-dep-aiyptaldy-video/

pixel