Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қол астындағы қызметкерді ұрған жоғары лауазымды полицей жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Полицей
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_tdk

Алматыда қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицей қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі оңтүстік астананың полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның басшысы Қанат Таймерденов полиция департаментінде шұғыл түрде тәртіптік комиссияның отырысы өткізілгенін мәлімдеді.

Оның шешімі бойынша, Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Жақыпбаев ішкі істер органдарының беделін түсіретін әрекет жасағаны және "ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" нормаларын бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылған.

Сонымен қатар, бұл жайтқа байланысты бірқатар бөлім басшылары қызметінен босатылған.

Сондай-ақ, Таймерденов аталған фактіні өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркегенін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін желіде полицейді ұрған видео тараған еді.

Автор кадрда Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары өз қарамағындағы қызметкерге қол көтергенін айтады.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірді.

Құзырлы орган қызметтік аталмыш видео жан-жақты тексерілетінін және бұл жайттың қандай жағдайда болғанын анықтайтынын, кінәлілерге қатысты қатаң шаралар қабылданатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929649-almatyda-qol-astyndagy-qyzmetkerdi-urgan-zogary-lauazymdy-policei-zumystan-quyldy/

pixel