"Жаңбыр мен найзағай": 1 қыркүйекте елімізде күн райы қандай болмақ
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 1 қыркүйекте болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын назарға ұсынды.
Синоптиктер болжамына сенсек, атмосфералық фронтальдық бөліктер еліміздің шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарына әсер етіп, найзағай мен жаңбыр күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-батыста желдің күшеюі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста бұршақ, солтүстік-шығыста және орталықта тұман болуы ықтимал.
Нұр-Сұлтан қаласында бірінші қыркүйек күні күндіз +15+17 °C жылы болады, көшпелі бұлт пен аздаған жаңбыр күтіледі. Желдің жылдамдығы түнде 2-7, күніз 7-12 м/с дейін жетеді.
Алматы қаласында күндіз +27+29 °C ыстық болады. Көшпелі бұлт, өткінші жаңбыр болып, найзағай жарқырайды. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с, найзағай кезінде екпіні 12 м/с дейін жетпек.
Шымкентте күндіз +31+33 °C ыстық болып, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с дейін барады.
Түркістанда күндiз +32+34 °C ыстық күтіледі. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде, шығысында, оңтүстігінде күндіз найзағай, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының шығысында және таулы аудандарында найзағай, бұршақ болып, желдің күшеюі 17-22 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды облысының шығысында түнде найзағай, солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Павлодар облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында түнде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз аптап ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Жамбыл, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының батысында, оңтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстік-батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929732-zanbyr-men-naizagai-1-qyrkuiekte-elimizde-kun-raiy-qandai-bolmaq/