Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қаша жөнелген": Алматыда есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел қолға түсті

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыда есірткі сатумен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдіктіні "Буран-183" патрульдік экипажы Сейфуллин мен Райымбек даңғылының қиылысында қолға түсірген.

"1989 жылы туған А. есімді әйелдің іс-әрекеті инспекторларға күдікті болып көрінді, ол патруль көлігін көре салысымен қаша жөнелген. Себебін анықтау үшін тәртіп сақшылары оны ұстады. Анықталғандай, әйел қылмыстық саудамен айналысқан және ұсталмас бұрын клиентпен алдын ала келісілген жерге есірткінің төрт бумасын қойып үлгерген. Сонымен қатар, тексеру кезінде тағы 10 бума табылды", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында есірткі тасымалымен айналысқан жалғызбасты ана ұсталғаны туралы жазған едік.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, тәртіп сақшылары есірткі айналымына тосқауыл қою мақсатында арнайы операция жүргізген.

Одан бөлек, Түркістан облысында есірткі сатқан мұғалім 10 жылға сотталғаны туралы жазған болатынбыз.

Ол аудан мектептерінің бірінде қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім болып шыққан. Тергеу барысында күдікті есірткі заттарын сату үшін бөліп, пакеттерге салғанын мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929973-qasa-zonelgen-almatyda-esirtki-satumen-ainalysqan-32-zastagy-aiel-ustaldy/

pixel