Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы жарылыс: Cенаторлар бір күндік жалақысын қорға аударады

Опубликовано:

Жамбыл облысы
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Парламент сенатының депутаттары бір күндік жалақысын Жамбыл облысында жарылыстардан зардап шеккен және қаза тапқан азаматтардың отбасына аударуға шешім қабылдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгі отырыста Байзақ ауданында болған төтенше жағдай депутаттардың қабырғасын қайыстырғанын жеткізді.

Оның сөзінше, бүгінде президент тапсырмасымен жарылыс салдарынан қаза болғандардың отбасына және зардап шеккен адамдарға көмек көрсетіліп жатыр.

"Осыған орай, сенат депутаттарының бір күндік жалақысын зардап шеккендерді қолдауға арналған қорға аудару туралы ұсыныс бар", - деді Мәулен Әшімбаев.

Депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдағаны белгілі болды.

Нәтижесінде сенат аппаратына бір күндік жалақыны арнайы қорға аударуға тапсырма берілген.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінің маңынан өрт шығып, жарылыс болды.

Соңғы мәліметтер бойынша апат салдарынан көз жұмғандар саны 15 адамға жетіп отыр.

Қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Одан бөлек, 29 тамыз елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930074-zambyl-oblysyndagy-zarylys-cenatorlar-bir-kundik-zalaqysyn-qorga-audarady/

pixel