Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызымды емдеу үшін бір айлық баламды тастап кеттім": Үш рет ота жасап, ракты жеңген Лейланың анасы елден көмек сұрады

Опубликовано:

Лейла Бақтыбекова
Лейла Бақтыбекова. Фото: Жеке мұрағаттан

Ақтау қаласының төрт жасар тұрғыны Лейла Бақтыбек жеті айынан бері ауруханадан шыққан емес. Өйткені, жеті айлығында Лейлаға "лейкоз" диагнозы қойылған. Қатерлі дерт сәбидің ата-анасын аяғынан тік тұрғызды. Бүгінде шынашақтай бүлдіршіннің сүйек кемігін ауыстыру үшін Қазақстанда екі рет, Түркияда бір рет ота жасалған. Сондай-ақ, Лейла бірнеше рет ауыр химиотерапияны бастан өткізді. Төрт жасар Лейланың анасы Гүлдана Отарова KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат беріп, сәбиінің қазіргі жағдайын баяндады.

"Лейла 2017 жылы дүниеге келді. Оған ақ қан ауруы диагнозын қойғанда, балапаным бар болғаны жеті айлық еді. Өмірге енді келген, оң-солын танымақ түгілі, әлі еңбектеп үлгермеген қызыма мұндай ауыр сынақ бергені жүрегімді езіп кетті. Төбемізден су құйғандай күй кештік. Әрине, бұл өте қауіпті дерт. Сондықтан, дереу жиналып, Алматыдағы онкологиялық орталыққа аттандық. Елдегі дәрігерлер сүйек кемігін ауыстыру керектігін айтты. Бірақ әлі бір жасқа да толмағандықтан, химиотерапия алып, үйімізге қайттық.

Алғашқы ота 2018 жылы жасалды. Үлкен ұлым, яғни, Лейланың туған ағасының жасушалары 100 пайыз сәйкес келген болатын. Ұлымның жасушаларын қызыма салды. Бірақ 100 пайыз сәйкес болса да, басқа ағзадан келген жасушалар Лейланың бойына сіңіп кете алмады. Рак жасушалары екі айдан соң қайта оянып, жағдайымыз күрт төмендеп кетті", - деп еске алады Гүлдана.

Гүлдана мен жолдасы үшін азапқа толы күндер әлі алда еді. Өйткені, кішкентай Лейланың сүйек кемігі тағы ауыстырылатын болды. Бұл жолғы ота да квота бойынша Алматыда жасалған. Бірақ нәтижесі тағы да қуантқан жоқ.

"Екінші рет сүйек кемігін ауыстыру үшін донорды дәрігерлер тапты. Лейланың жасушаларымен 90 пайыздық сәйкестік бар екен. Қызым ересек адамның өзі көтере алмайтын ауыр отадан Алланың көмегімен екінші рет аман шықты. Бірақ бұл жасушалар да Лейланың ағзасына орныққан жоқ. Рак қайта шабуылдай бастады. Содан соң маған үшінші рет ота жасату керектігін айтты. Мен бірден Түркияға апару керек деп ойладым. Өйткені, еліміздегі екі ота да 100 пайыздық сәйкестік болғанына қарамастан, рактың бетін қайтара алған жоқ.

Министрліктен шетелге квота сұрағаныммен, қайыр болмады. Олар квота беруден бас тартты. Содан соң, халықтан көмек сұрап, бүкіл елдің, жақындарымыздың қолдауымен үшінші рет ота жасау үшін Түркияға келдік. Менің үшінші балама аяғым ауыр еді. Сәбиімді босанып, бір айлық баланы әжесіне қалдырып, күйеуіммен бірге былтырғы желтоқсанда Түркияға келдім. Содан бері осындамыз. Күйеуім қызымның үшінші отасына донор болып, Алланың қолдауымен бұл ота да сәтті өтті", - дейді Гүлдана Отарова.

Лейланың анасы елде қалған екі ұлын 9 ай бойы көрген жоқ
Лейланың анасы елде қалған екі ұлын 9 ай бойы көрген жоқ. Фото: Жеке мұрағаттан

1 қыркүйекте Гүлдананың үлкен ұлы 1-сыныпқа қадам басты. Ал оның кішкентай сәбиін көрмегеніне тоғыз айға жуықтады. Себебі, қызын ажалдан алып қалу үшін ол бір айлық балапанын әуелі Аллаға, содан соң, әжесіне аманаттап кеткен.

"Елде қалған екі баламды ойласам, жүрегім езіледі. Кенже балам Мансұрды бір айлығынан бері көрген емеспін. Анасының ақ сүтін ішпей, жылулығын сезбей өсіп жатыр. Бүгінде он айға толды. Тек телефоннан көрем түрлерін. Соларды қарап отырған әжесіне рахмет. Олардың дені сау, сол маған жұбаныш. Туа сала тағдыр сынағына тап болған Лейламды аман сақтау үшін бұған да көндім. Үйдегі екі баламды қатты сағындым, оларды көрмегеніме тоғыз ай болды.

Бүгінде Лейла аман-есен жазылды, шүкір. Бірақ ота жасаған клиникаға 2 миллион теңге қарызбыз. Сол ақшаны жаба алмай отырмыз. Осы күнге дейін Лейланы әуелі Алла, кейін халықтың көмегімен аман алып қалдық. Енді қасиетті жұмада мейірімді жандардан тағы да көмек сұрағым келіп отыр. Лейламды алып, елде екі көзі төрт болып күтіп отырған екі ұлыма жеңіспен оралғым келеді. Балаларымды қатты сағындым. Осы қарызды өтеуге көмектесіңіздерші", - дейді Гүлдана Отарова.

Төрт жасында үш ауыр отаны бастан өткеріп, ракты жеңіп шыққан Лейланың елге қайтуына көмек көрсетем деушілер болса, реквизит төмендегідей:

Kaspi gold: +7702 295 7500

Халық банк:

4405 6397 5145 7522

Sberbank ҚР:

4263 4333 3072 4680

Гулдана Отарова (анасы)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930171-qyzymdy-emdeu-usin-bir-ailyq-balamdy-tastap-kettim-us-ret-ota-zasap-rakty-zengen-leilanyn-anasy-elden-komek-surady/

pixel