Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада көшеде адасып кеткен 4 жасар бала табылды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда қаласының көшесінде адасып жүрген 4 жасар бала ата-анасына аман-есен табысталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 7 қыркүйек күні Қызылорда қаласының Төле би көшесінде болған.

Ал 10:30-11:00 шамасында 4 жасар Әділ есімді бүлдіршіннің табылғаны хабарланды.

Бала ата-анасының есімдері Мақсат, Қалдыгүл екенін айтқан.

"Нәтижесінде бүлдіршіннің ата-анасы, туған-туысқандары іздестірілді. Біршама уақыттан кейін оның ата-анасы табылды", – деді қалалық полиция басқармасы.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған алты жасар қыз табылғанын жазған едік.

Одан бөлек, Алматы облысының полициясы бір айдай уақыт бойы із-түзсіз жоғалып кеткендер қатарында жүрген кәмелетке толмаған қызды тапқанын жазған болатынбыз.

Ол өзін "пайғамбар" деп атаған талдықорғандық танысының жанында болған. Ер адамға қатысты тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады

Сондай-ақ, Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам үйіне қайтып келіп, қайда болғанын айтудан бас тартқанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930954-qyzylordada-kosede-adasyp-ketken-4-zasar-bala-tabyldy/

pixel