Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз тойында бидің түбін түсірген қалыңдық желіде жұлдыз болды (видео)

Опубликовано:

Тойда билеген қалыңдық
Тойда билеген қалыңдық: видеодан скриншот

Instagram желісінде өз тойында Әміренің әніне беріле билеген қалыңдықтың видеосы тарады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеода қалыңдық әнші Әміренің орындауындағы "Қыздар-ай" әніне жанын салып билейді. Арасында шалқайып та билеген қалыңдыққа қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды.

Бір тарап өмірінде бір рет болатын үйлену тойын өз қалауымен өткізіп, көңілді бимен жалғастырған қалыңдықты қолдап шыққан.

"Қыздың қалай билегенінде не шаруаңыз бар? Ол өзінің тойы", "Той бітіп, жастар билегенде бұл видеоны түсіріп, таратқан адамның не ойы болған", - деген пікірлерді кездестіруге болады.

Ал пікір жазушылардың екінші бөлігі келіншектің, тойда дәл бұлай билеуін ерсі санауда.

"Клубқа көп барған қыз сияқты", "Тойдан кейін де билеуге болады ғой, ерсі көрінеді", "Бүгінше қоя тұрса болады ғой, шалқайып билеп", - деп жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931138-oz-toiynda-bidin-tubin-tusirgen-qalyndyq-zelide-zuldyz-boldy-video/

pixel