Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды зообағында мүйізі кесілген бұғылар жұртты шошытты (видео)

Опубликовано:

бұғы
Фото: instagram.com/temirtau.today/

Қарағандыдағы хайуанаттар бағына келушілер күзгі күйлеуге байланысты мүйізі кесіліп, қан-жоса болған бұғылардың суреті мен видеосын түсірген. Кадрлар желіде резонанс туғызды. Ал зообақтың хабарлауынша, бұл мәжбүрлі шара деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зообақта түсірілген кадрлар желі қолданушыларын бей-жай қалдырмаған. Көпшіліктің ойынша, бұл жануарларды қорлау. Дегенмен бұғылардың мүйізін кесу қажет шара екенін түсінетіндер де табылған.

"Бұл сұмдық. Бұл жануарларды қорлау. Олар неге қан-жоса болып жатыр? Тамырларына тиіп кеткен сияқты", "Адамдар, бұл күйлеу кезінде жануарлардың қауіпсіздігі үшін жасалады. Зообақ бір-екі күнге жабық бола тұруы керек еді", - дейді желідегілер.

Осыған байланысты Қарағанды хайуанаттар бағы түсіндірме жасады.

"Күзгі күйлеу кезінде аталықтары өздерін агрессивті ұстап, бір-бірімен сүзісе бастайды. Бұдан аталықтарының өздері де зардап шегеді. Жануарлар бір-біріне зақым келтірген кездер де болды. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін біз жыл сайын мүйізін кесуге мәжбүрміз.

Осы жолы үш теңбіл бұғының мүйізін кестік. Оларды фото, видеоға түсірген кезде жануарлар ауырсынуды басатын препараттың әсерінде болды", - дейді зообақ өкілдері.

Мекеме қазір жануарлар өзін жақсы сезінетінін, белсенді және қалыпты өмірге қайта оралғанын айта кетті. Айғақ ретінде олар видео көрсетті. Сондай-ақ кесу кезінде тамырларына зақым келмегенін хабарлады.

"Мүйіз қанмен қоректенеді, сол себепті кескен кезде қан шығады. Бірақ бәрі қалыпты шегінде ғана. Процедура алдында жануарларға ауырсынуды басатын дәрілер беріліп, өңдеу жұмыстары жүргізіледі", - дейді мекеме.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931427-qaragandy-zoosayabagynda-muiizi-kesilgen-bugylar-zurtty-sosytty-video/

pixel