jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Душанбеде жаңа туған баланы ауған батырының құрметіне Масуд деп атады

Ахмад Шах Масуд
Ахмад Шах Масуд. Фото: Patrick ROBERT/Sygma via Getty Images

Тәжікстан астанасы Душанбеде жаңа туған баланы Ауғанстан батыры Ахмад Шах Масуд пен оның ұлы Ахмад Масудтың құрметіне Масуд деп атады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Кішкентай Масуд 7 қыркүйекте Душанбедегі "Истиклол" медицина орталығында өмірге келген.

"Жұрттың бәрі Ауғанстан, Ахмад Масуд туралы айтып жүрген уақытта ұлым дүние есігін ашты. Ауғанстанда Ахмад Масуд жақтастарының жеңісінен соң бейбітшілік пен тыныштық орнасын деген ырыммен біз оны Масуд деп атадық", – дейді нәрестенің анасы Мавзуна Хайдарова.

Айта кетейік, "Панджшер арыстаны" атанған Ахмад Шах Масуд совет әскерлерімен, кейін тәліптермен күрескен. Ол 2001 жылғы 9 қыркүйекте "Әл Каида" ұйымдастырған шабуыл кезінде қаза тапты.

Әйгілі дала командирін өлтіріп кеткен уақытта ұлы Ахмад Масуд 12 жаста еді.

Қазір ол Панджшер шатқалында тәліптерге қарсы майданды басқаруда.

Ахмад Масуд тәліптермен соңына дейін соғысатынын мәлімдеді. Оның әкесі тәліптерді "ислам фашистері" деп атаған болатын.

Еске сала кетсек, 15 тамызда "Талибан" радикал қозғалысының содырлары Кабулға кіріп, Ауғанстанды толықтай бақылауға алғанын жариялады.

Бір аптадан соң, олар Ахмад Масудтан бақылауына өтпеген соңғы провинция Панджшерді беруін талап етті.

Ол талапты орындаудан бас тартты. Шатқалда ұрыс басталды. 6 қыркүйекте тәліптер провинцияны бақылауға алғанын хабарлады.

Алайда Ұлттық қарсылық майданындағылар "Талибанмен" ұрысты доғармағанын мәлім етті.

Душанбеде жаңа туған баланы ауған батырының құрметіне Масуд деп атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.