Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Румынияда "Қазақстан" атты саябақ ашылды

Опубликовано:

Ескерткіш
Фото: "Хабар 24" арнасы

Нұр-Сұлтан қаласында румын ақыны Михай Еминескуге ескерткіш қойылды. Елімізде ескерткіш ашылған уақытта Румыния астанасы Бухарестте "Қазақстан" деп аталатын саябақ ашылды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Ақынның ескерткіштері "Бухарест" саябағында орнатылды. Ескерткіштің ашылу рәсіміне Румынияның Қазақстандағы елшілігі мен әкімдік өкілдері қатысты.

Айта кетейік, осыған дейін екі елдің әкімдіктері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

"Бүгінгі шара – мемлекет басшысының халықаралық бастамалары жаңа деңгейде жүзеге асырылып жатқанының көрінісі. Былтыр біз Нұр-Сұлтан мен Бухарест арасында аудандық деңгейде меморандумға қол қойдық. Соның аясында мәдени, спорттық және технологиялық қарым-қатынас саласында ынтымақтастық орнатуға келістік. Мәселен, өткен жылы Бухарест қаласында Ұлы Абайдың мүсіні ашылса, енді мына саябаққа "Бухарест" атауын беріп отырмыз", – деді Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов.

Елімізде ескерткіш ашылған уақытта Румыния астанасы Бухарестте "Қазақстан" деп аталатын саябақ ашылды. Шара тікелей эфирде көрсетілді. Оған Румыния сенатының төрағасы мен елдің бұрынғы президенті қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931526-rumyniyada-qazaqstan-atty-sayabaq-asyldy/

pixel