jitsu gif branding logo appbranding logo app

Оқушыларды "маймылға" теңеген қарағандылық мұғалімнің басы дауға қалды

окушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды облысы Шахтинск қаласында мектеп директорының орынбасары оқушыларды "ақымақ маймылға" теңеп басы дауға қалды. Балалар мұғалімнің өздерін қорлағанын диктофонға жазып, әлеуметтік желіге таратқан деп хабарлайды 31 арна.

Аудиожазбада ұстаздың оқушылардан мектеп дәлізінде тек маска тағып жүруін талап еткені және карантин режимін бұзған балалардың ата-анасына айыппұл салынатынын айтып ескерткені естіледі.

Балаларын "маймылға" теңеген сөз ата-аналардың ызасын тудырып, олар мұғалім үстінен білім бөліміне шағым түсірген.

Олар арызында балаларының дәл осы ұстаздан мұндай сөздерді жиі еститінін жеткізіпті.

Ал маскаларын иегіне түсіріп жүрген оқушылар, оқытушыны қатты ашуландырған. Осылайша мұғалім балаларды қорқытып, тәртіпке шақырмақ болған.

Әдептен аттаған педагогке қатаң сөгіс берілді. Бірақ ата-аналар полицияға әзірге шағым түсірген жоқ.

Бұған қатысты Шахтинск қаласы білім бөлімінің басшысы Николай Ансович пікір білдірді.

"Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жалпы педагогикалық өтілі 21 жыл. Осы мектепте 3 жылдан бері жұмыс істейді. Оның 8-В сынып оқушыларына ауыр сөз айтқаны рас. Педагогикалық этикалық норманы бұзғаны үшін қатаң сөгіс берілді", - деді ол.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.