Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменнен Алматыға жол тартқан 19 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Опубликовано:

Дархан
Фото: Instagram / volontery_uka_lider.kz

Еріктілер мен полицейлер жоғалған 19 жастағы Өскемен тұрғынын іздестіруде. Дархан Зарыпханов 2 қыркүйекте үйінен шығып, хабарсыз кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі парақшада еріктілердің жазуынша, 19 жасар Дархан Зарыпханов 2 қыркүйекте кешкі сағат 18.00 шамасында Өскемен автовокзалының маңында таксиге отырып, Алматыға қарай жол тартқан. Содан бері одан хабар жоқ.

Жігіттің ерекше белгілері: бойы 165-168 сантиметр, дене бітімі мығым, көзі қоңыр, шашы қысқа, мойны мен ішінде тыртықтары бар. Ол жоғалған күні қара футболка, қара түсті джинсалық шолақ шалбар, қара кроссовки киген. Өзімен бірге телефоны мен рюкзагын ала кеткен.

Еріктілер жігітті көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Сол арада Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлағандай, 3 қыркүйекте полицейлерге 2002 жылы туған ұлы Дархан Зарыпхановты іздеуге көмектесуін сұрап анасы жүгінген. Ол жігіттің Өскемен қаласы Виноградов көшесіндегі үйден бір күн бұрын сағат 16.00 шамасында шығып кеткенін және қайта хабарласпағанын айтуда.

Жас жігіттің қайда екені күні бүгінге дейін белгісіз. Тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізуде.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада көшеде адасып кеткен 4 жасар бала табылғаны туралы жазған едік. Бала ата-анасының есімдері Мақсат, Қалдыгүл екенін айтқан. Ол аман-есен ата-анасына табысталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931839-oskemennen-almatyga-zol-tartqan-19-zastagy-zigit-iz-tuzsiz-zogalyp-keti/

pixel