Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл муляж емес, тағам": Павлодардағы колледжде берілетін тегін тағам жұртты таңырқатты (видео)

Опубликовано:

Тағам
Кадр: Instagram / vseobovsem_pvl

Павлодар колледждерінің бірінде берілетін тегін тағамның видеосы желіге тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл факті бойынша тексеріс жүргізілуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Колледж асханасынан түсірілген видео Instagram пабликтерінің бірінде жария болды.

Кадрдан бір орында қатып қалған тағамды байқауға болады. Видео авторлары, тіпті ыдысты төңкерсе де, қатқан орнынан жылжымаған тағамның "муляж" еместігіне сендіруде.

"Павлодар монтаж колледжінде студенттерді осылайша тегін тамақтандырады. Ал тексеріс келгенде олар әлдеқайда дәмді тағамдар қойып, тіпті салаттар береді", - делінген видеоның сипаттамасында.

Желі қолданушылардың дені бұл жайтқа жарыса сын-пікір қалдырған.

"Бухгалтер үйінде кешкі асқа қызыл уылдырық жеп отырған болар", "Мұндағы басты сөз - "тегін", "Итіме бұдан да жақсы тағам беремін", "Осы видео үшін студенттерге қысым жасалмайды деп үміттенемін", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Бұл жағдайға қатысты колледждің өзінде түсініктеме берілді. Асхананы мемлекеттік сатып алу туралы келісім бойынша жеткізуші басқаратыны алға тартылды. Сонымен қатар, барлық жұмыс кезеңінде студенттерден тағамдардың ассортименті мен сапасына шағымдар болмағанына баса назар аударылды.

"Факті бойынша тергеу жүргізілуде, құрамына қамқоршылық кеңестің, колледж әкімшілігінің, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, сонымен қатар медицина қызметкері мен студенттер кіретін комиссия жұмыс жүргізуде. Сапасыз тағамдарды ұсыну фактісі расталса, кінәлілер жазаланады", -дейді колледжде.

Павлодар облысы білім беру басқармасы комиссия жұмысын назарда ұстайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931958-bul-mulyaz-emes-tagam-pavlodar-kolledzderinin-birinde-beriletin-tegin-tagam-zurtty-tanyrqatty-video/

pixel