Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы да ұзартты

Опубликовано:

Фото
Кадр: zakon.kz

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімен бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі жетінші рет ұзартылды. 14 қыркүйекте аяқталған үйқамақта ұстау уақыты 14 қарашаға дейін созылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін таңертең айыптаушы тарап Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін екі айға ұзартуды сұрады. Бұрынғы министр үйқамақта тоғыз ай бойы отырған еді. Алдағы екі айды қосқанда мерзім 11 айға жетеді.

Айыптаушылар Біртанов әлі де іспен таныспағанын мәлімдеп, соның негізінде үйқамақты ұзартып отырған. Экс-министр мен оның адвокаты теріс жауап бергенімен, сот айыптаушы тараптың пайдасына шешім шығарды.

"Күдікті Елжан Біртановтың қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта болу мерзімін ұзарту туралы өтініш қанағаттандырылсын- мерзім 14 қарашаны қоса алғанға дейін екі айға ұзартылсын",- деді судья Талғат Ақшабаев.

Еске сала кетейік, өткен жылы қазан айының соңында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Біртанов өзіне қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931974-sot-birtanovty-uiqamaqta-ustau-merzimin-tagy-da-uzartty/

pixel