Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 31 млн теңгеден аса қарызы бар ер адам пойыздан түсірілді

Опубликовано:

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Өскеменде 31 миллион теңгеден астам қарызы бар ер адам пойыздан түсірілді. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Өскемен полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне сот орындаушысынан қаулы түскен.

Қаулыда 52 жастағы ер адамнан қарызды өндіру қажет екені айылған. Ол мемлекеттік ұйымға 31 миллион теңгеден астам қарыз болған.

Белгілі болғандай, кәсіпкер бизнесті дамытуға ақша алып, оны игермеген. Ер адамның алған қарызы шамамен 5 миллиард теңгені құрайды, 31 миллион теңге – жалпы сомадан қалғаны.

Іздестіру шаралары барысында оның Алматыдан Өскеменге билет сатып алғаны анықталды.

13 қыркүйекте ер адам Өскемендегі теміржол вокзалында пойыздан түсіріліп, сот орындаушысына ақпарат беру үшін полиция басқармасына жеткізілген.

Осы орайда құқық қорғау органдарының қызметкерлері атқарушылық құжатты елемегені үшін әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік пен қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931985-oskemende-31-million-tenge-qaryzy-bar-er-adam-poiyzdan-tusirip-tastady/

pixel