RU

Елімізде 1 қарашадан бастап қандай жолдар ақылы болады

Жол
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазавтожол" ұлттық компаниясы 1 қарашадан бастап пайдалануға берілетін автокөлік учаскелерін атады.

Бүгінгі таңда ақылы жолдардың қатарына қосылуға дайын жеті учаске бар. Олар:

  • Нұр-Сұлтан-Павлодар
  • Шымкент-Өзбекстан шекарасы (Ташкентте)
  • Щучинск-Көкшетау
  • Қапшағай-Талдықорған
  • Шымкент-Тараз
  • Тараз-Қайнар
  • Шымкент-Қызылорда.

Компанияның мәліметінше, бұл учаскелер барлық қажетті құралдармен жабдықталған және 2021 жылдың 1 қазанынан бастап тест режимінде жұмыс істейді.

Ал 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап нақты пайдалануға беріледі.

Компания ақылы учаскелер бойынша жүріп өту үшін төлемақы мөлшері 2013 жылы Нұр-Сұлтан-Щучинск бірінші ақылы учаске енгізілгеннен бері өзгермегенін және ол сол қалпында қалатынын атап өтті.

"ІІ санаттағы жол қозғалысы үшін төлемақы тарифін төмендету жоспарда бар. Аталған мәселе мемлекеттік органдардың қарауында", – делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932045-1-qarasadan-bastap-qazaqstanda-qandai-zoldar-aqyly-bolady/