RU

612-і Алматыдан: Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны белгілі болды

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға қатысты соңғы мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес, 14 қыркүйекте 2930 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 326
  • Алматы қаласы - 612
  • Шымкент қаласы - 128
  • Ақмола облысы - 185
  • Ақтөбе облысы - 150
  • Алматы облысы - 240
  • Атырау облысы - 93
  • Шығыс Қазақстан облысы - 140
  • Жамбыл облысы - 46
  • Батыс Қазақстан облысы - 88
  • Қарағанды облысы - 340
  • Қостанай облысы - 147
  • Қызылорда облысы - 69
  • Маңғыстау облысы - 70
  • Павлодар облысы - 184
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 78
  • Түркістан облысы - 34.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 848 318-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 4 123 адам аурудан жазылып шыққан.

Қазір елімізде 75 685 науқас коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 14 335 пациент стационарда, 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1 136 адамның жағдайы ауыр, 350 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

198 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932075-elimizde-bir-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-anyqtaldy/