Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фарер аралдарының тұрғындары дельфин өлтіруден рекорд жаңартты

Опубликовано:

Арал тұрғындары мен дельфиндер
Фото: Sea Shepherd / SWNS

Фарер аралдарында 1428 дельфин өлтірілді деп хабарлайды Daily Mail.

Архипелагта бұрын-соңды мұндай көп мөлшерде дельфиндер өлтірілмеген. Әдетте арал тұрғындары жылына 1000-ға дейін ғана теңіз сүтқоректілерін өлтіреді. Ал 2020 жылы тек 35 дельфин өлтірілген болатын.

Осы жолы балықшылар 1 428 дельфинді өлтіріп отыр. Олар найза мен пышақ алып, жыл сайын дельфинерді жаппай өлтіруді дәстүрге айналдырған.

Бұл дәстүр кезінде жағажай дельфиндердің қанынан қызыл түске боялады. Тұрғындар балықшыларды тамашалап, артынша өлтірілген дельфиндерді өзімен бірге алып кете алады.

Ал жануарларды қорғаумен айналысатын белсенділер болса, дельфиндерді бұлайша жыл сайын өлтіріп отыру қатыгездік екенін айтуда.

Теңіз биологы Бьярни Миккельсен дельфиндерді өлтіру бойынша соңғы рекорд 1940 жылы тіркелгенін, ол кезде барлығы 1 200 дельфин өлтірілгенін еске салды.

Ескерту: Фото мен видеоларды жүйкесі жұқа, жүрегі әлсіз адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге және жасы 18-ге толмағандарға қарау ұсынылмайды!

Еске салсақ, бұған дейін Қостанайда итті балғамен ұрып өлтіргендер тұрғындардың үрейін ұшырғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматы облысында күшікті құзға лақтырып, бұл әрекетін видеоға түсірген жасөспірім қыздар көпшілікті шошытқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932121-farer-araldarynyn-turgyndary-delfin-oltiruden-rekord-zanartty/

pixel