Зектілері

"Талибан" негізін қалаушылардың бірі Time нұсқасы бойынша 100 ықпалды адамның қатарына енді

Жарияланған күні:

Журнал
Көрнекі фото: ERIC BARADAT/AFP via Getty Images

Америкалық Time журналы басылым нұсқасы бойынша 2021 жылы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның тізімін жасады.

Оларды "Титандар", "Жаңашылдар", "Өнер қайраткерлері", "Көшбасшылар", "Пионерлер" және "Кумирлер" санатына бөлінген.

"Титандар": америкалық гимнастшы Симона Байлз, Apple басшысы Тим Кук, сценарист Шонда Раймс, продюсерлер Timbaland пен Swizz Beatz, америкалық футбол ойыншысы Том Брэди.

"Жаңашылдар": SpaceX және Tesla басшысы Илон Маск, америкалық иммунолог Барни Грэхем, Каталин Карико, Ethereum блокчейн платформасының негізін қалаушы Виталик Бутерин және NVIDIA компаниясының президенті Дженсен Хуанг.

"Өнер қайратекерлері": актрисалар Кейт Уинслет пен Скарлетт Йоханссон, режиссер Хлоя Чжао, актерлер Джейсон Судейкис, Дэниэл Калуя мен Омар Си, рэпер Lil Nas X.

"Көшбасшылар": "Талибанның" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) негізін қалаушылардың бірі Абдул Гани Барадар, АҚШ экс-президенті Дональд Трамп, ҚХР басшысы Си Цзиньпин, Дүниежүзілік сауда ұйымының алғашқы әйел басшысы Нгози Оконджо-Ивеала, АҚШ президенті Джо Байден, АҚШ вице-президенті Камала Харрис. Италия премьері Марио Драги, Израиль үкіметінің басшысы Нафтали Беннетт пен Иран президенті Ибрагим Раиси.

"Пионерлер": Әнші Билли Айлиш пен адвокат Бен Крамп.

"Кумирлер": Ханзада Гарри мен оның әйелі Меган Маркл, ресейлік оппозиция өкілі Алексей Навальный, Бритни Спирс, жапон теннисшісі Наоми Осака, америкалық заңгер Шеррилин Ифилл, әнші Долли Партон және т.б.

Тізімнің толық нұсқасымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932322-taliban-negizin-qalausylardyn-biri-time-nusqasy-boiynsa-100-yqpaldy-adamnyn-qataryna-endi/