Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтелеком" АҚ интернет-конференциясы: GPON абоненттердің ерекше назарына ілікті

Опубликовано:

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Қазақстандық абоненттер «Қазақтелекомның» интернет тартуда қолданып жүрген жаңа технолоняларына ерекше қызығушылық танытуда. Респонденттердің бестен бір бөлігін GPON технологиясының көмегімен қалада жүйрік байланыс тарту, ал ауылдық жерлерде Wi-Fi радиокөпірін орнату мүмкіндігі қызықтырды. Бұл туралы "Қазақтелеком" АҚ Басқарма басшысы Қуанышбек Есекеевтің NUR.KZ порталының оқырмандарымен өткізген кезекті интернет-конференциясы кезінде мәлім болды.

Биылғы жылы "Қазақтелеком" интернеттің жоғары жылдамдығы мен сапасын қамтамасыз ететін технологияларды қолдана отырып, қалалар мен ауылдардағы абоненттерді талшықты-оптикалық магистральдарға белсенді түрде қосуда.

Оның үстіне, бұл жұмыстар жеке серіктестердің көмегімен барлық жерде жүзеге асырылуда: еліміздің барлық қалаларында көпқабатты үйлер GPON технологиясына өтуде. Нәтижесінде әр пәтер үшін магистральды байланыс арнасы құрылып, сол арқылы абоненттер бір мезгілде қызметтердің барлық негізгі түрлері - жоғары жылдамдықтағы интернетке, IP-телефонияға және интерактивті теледидарға қосыла алады.

"Қазақтелеком"
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Ал ауылдарда радиосигналды қолдана отырып, оптикаға қосылудың нәтижесінде, дәл осы қызметтер өткізу пунктінен 3-5 шақырым радиустағы елді-мекендердің барлық тұрғындары үшін қолжетімді болып отыр.

Сол себепті, тамыздың үшінші онкүндігінде басталған интернет-конференция кезінде барлық сұрақтардың бестен бір бөлігі (18% немесе 109 өтініш) "Қазақтелекомның" жаңа желілер құру жоспарына қатысты болғандығы таңғаларлық жағдай емес. Респонденттердің тағы үштен бір бөлігі (31% немесе 186 адам) компанияның басқарма басшысына телеком-оператордың магистральдық желілерге қосылуына қатысты сұрақтар қойды.

"Біз, былтырғы жылдағыдай, интернет-конференциялар өткізудің нәтижесінде қазақстандықтардың компаниямызбен ынтымақтастыққа деген шынайы қызығушылығын көріп отырмыз. Бұл - қуантарлық жағдай, себебі, өздеріңіз білетіндей, өткен жылы біз ауылдық жерлердегі оптикалық магистральды 14,5 мың шақырымға ұлғайттық, енді біз өз қызметтерімізді еліміздегі ауылдардың көп бөлігіне ұсыну мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Өз басым портал оқырмандарының осы тақырыпқа қызығушылығы артқанын компанияның абоненттік базасын ұлғайту жолындағы шынайы мүмкіндік деп білемін", - дейді NUR.KZ оқырмандарымен байланыс орнату нәтижелерімен бөліскен "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы.
"Қазақтелеком" АҚ маманы
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Сонымен қатар, компания өз клиенттеріне ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасына кепілдік береді. Бұған сапаға қатысты респонденттер сауалының үлесі тұрақты түрде азайып жатқаны дәлел бола алады: бұл көрсеткіш, өткен жылдағыдай, сауалдардың жалпы санның 15%-ынан әрі аспады.

Осы орайда, көрсетілетін қызметтердің сапасына байланысты сұрақтардың маңызды бөлігі абоненттердің "Қазақтелеком" желісі бойынша бір өнімнен немесе өнім пакетінен екіншісіне ауысуына қатысты қойылғанын айта кеткен жөн. Қуанышбек Есекеев бұл өз мүмкіндіктерін үнемі арттырып, тұтынушыларын өнім желісіндегі барлық өзгерістер туралы хабардар етіп отыратын компанияның дұрыс бағытта дамып жатқанын айғақтай түседі деген пікірде.

"Қазір - жоғары жылдамдықтағы интернет заманы, осы орайда абоненттер GPON технологиясы арқылы қосылған көпқабатты үйлерде секундына 200-ден 500 Мбитке дейін жылдамдықпен интернет ұсынылатынын білгеннен кейін, жылдамдығы ондаған есе төмен мыс сымдарда қалғысы келмейтіні, сөзсіз. Біз өз тарапымыздан ел тұрғындарының барынша көп бөлігін озық технологиялармен қамту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаудамыз және бұл үшін шағын сервистік компанияларды серіктестік қызметке тартудамыз, бұл өз алдына шағын және орта бизнеске телекоммуникация саласында ақша табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осындай ынтымақтастықтың арқасында біз халықтың озық технологиялармен қамтылу қарқынын арттырып жатырмыз. Осы орайда кейінгі интернет-конференциялар кезінде біздің қызметтерге қосылу мүмкіндігі мен сапасы туралы сұрақтардың саны күрт төмендеуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Себебі, біз серіктестерімізбен бірге көптеген қазақстандық үшін бұл сұрақтардың өзектілігін жоятын боламыз", - дейді ол.
"Қазақтелеком" АҚ
Фото: "Қазақтелеком" АҚ

Бұл тұрғыда "Қазақтелекомдағы" қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтардың үлесі былтырғы жылы 12% болса, биыл 7%-ға немесе 44 қоңырауға дейін төмендегенін айта кеткен жөн. Ірі оператор аталмыш бағыттағы көптеген мәселелерді шеше алады. Бұған қазақстандықтардың абоненттік учаскелерге бару қажеттілігін жоя отырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін онлайн-каналдар арқылы қызмет көрсетуге көшу септік болып отыр.

Оның үстіне, мұндай каналдар абоненттік учаскелермен салыстырғанда, тәулік бойы жұмыс істейді: WhatsApp пен Telegram мессенджерлері кез келген сұраққа жауапты кезексіз әрі тәуліктің кез-келген уақытында жедел түрде алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, интернет-конференция "Қазақтелеком" абоненттерінің дені оның тарифтік саясатын қолдайтынын көрсетті: бұл бағытта сұрақтар тек 22 респондентте туындаған, яғни өтініш берген 604 адамның 5%-ын ғана құрап отыр. Десе де, "Қазақтелеком" компаниясы оператордың жұмысын жақсартуға бағытталған кез-келген сын-пікірді құптайтынын алға тартуда.

Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: "Қазақтелеком" АҚ
"Абоненттеріміз бен сыртқы бақылаушылардың сынына сүйене отырып, біз өз жұмысымыздағы барлық кемшіліктерді анықтауға және жоюға мүмкіндік аламыз, соның арқасында біз өз өнімдерімізді жақсартып, тіпті жаңаларын ұсынамыз. Сондықтан осы интернет-конференцияға қатысушылардың барлығына алғыс айтамын. Бірақ бұнымен жұмыс тоқтамайды - біз абоненттеріміздің мәселелерін шешу жолдарын табу үшін келіп түскен сұрақтарға компания ішінде толық талдау жасаймыз. Және бұл өтініштер 100% қанағаттандырылатынына сенімді болған кезде ғана біз бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтаймыз», - дейді Қуанышбек Есекеев.

Айта кетсек, келіп түскен өтініштер саны бойынша Алматы көш басына жайғасты, бұған дейінгі интернет-конференциялар да дәл осындай нәтиже көрсеткен болатын - барлық сұрақтардың 40%-ға жуығы Алматыдан тіркеліп отыр.

Оңтүстік өңірлердің тұрғындары желілердің құрылысына және "Қазақтелеком" АҚ қызметтеріне қосылу мүмкіндігіне бәрінен де белсенді қызығушылық танытты - олар осы тақырып төңірегіндегі барлық сұрақтардың шамамен 60%-ын құрады. Ал орталық, батыс, солтүстік және шығыс аймақтардың тұрғындары ағымдағы интернет-конференция кезінде әлдеқайда төмен белсенділік көрсетті (сәйкесінше 18%, 17%, 2% және 6%).

Компания мұны елдің осы бөлігіндегі респонденттердің "Қазақтелеком" қызметі туралы хабардар болуының жоғары деңгейімен, сондай-ақ компанияның жергілікті нарықтағы қызметтерінің көлемі мен сапасына қанағаттануымен байланыстырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932577-qazaqtelekom-aq-internet-konferenciyasy-gpon-abonentterdin-erekse-nazaryna-ilikti/

pixel