Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Жамбыл облысы "жасыл" аймаққа өтті

Опубликовано:

атай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Жамбыл облысы "жасыл" аймаққа, Алматы мен Маңғыстау облысы "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

18 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына назар салсақ қазір:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары;

"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары;

"Жасыл" аймақта: Түркістан мен Жамбыл облыстары тұр.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 2901 адамнан коронавирус анықталды. Сонымен қатар, 4672 науқас ауруынан жазылып шықты.

Қазір Қазақстанда 70 984 адам COVID-19-дан емделуде, олардың ішінде 13 087 пациент стационарда, 57 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

 1 041 адамның жағдайы ауыр, 276 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

189 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932693-koronavirus-zambyl-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/

pixel