Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин қазақстандықтарға сүйінші хабар жеткізді

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Фото: Facebook/Багдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық телефон коды берілгенін айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті.

Бұдан былай Қазақстанға +997 халықаралық телефон коды бекітілмек. Жағымды жаңалықты министр Facebook парақшасында жазды.

"Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ, халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады", - дейді Бағдат Мусин.

Министрдің сөзінше, КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге (Ресей федерациясы - ред.) бірдей бекітілген.

"Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді! Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933092-bagdat-musin-qazaqstandyqtarga-suiinsi-xabar-taratty/

pixel