Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстаулық фермер ауласына телефонмен сөйлесуге болатын арнайы мұнара тұрғызып алды (фото)

Опубликовано:

Мұнара
Фото: Facebook/Кирилл Павлов

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы, Жаңаөзенге жақын жерде салынған ерекше құрылыс нысаны желі қолданушыларының талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауылшаруашылығы саласының маманы, блогер Кирилл Павлов Маңғыстау өңіріне қуаңшылық мәселесі бойынша арнайы сапарлатып барған.

Блогер желі қолданушыларынан өзі көріп таңғалған ерекше нысанның қандай мақсатта пайдаланылатынын жұмбақ етіп жасырып, болжап білуді сұрады. Маңғыстау облысындағы "Абзал" шаруа қожалығы аумағында орналасқан мұнара туралы жұмбаққа әркім әрқалай жауап берді.

Желі қолданушылары оны даладағы жуынатын орын, енді бірі су алатын құдық, тағы бірі биікке шығып малды бақылайтын орын деп жазды.

"Мұнараны телефонмен сөйлесу үшін пайдаланады", "Ұялы телефон байланысы үшін салынған" дейді жұмбақтың жауабын дұрыс тапқандар.

Кирилл Павлов еліміздегі барлық ұялы байланыс операторларынан мәселеге назар аударуды сұрады.

Жазбаға отандық байланыс операторларының өкілдері де пікір қалдырды. Олар авторға мұнара орналасқан жердің нақты мекен-жайы бойынша шара қолданып, мәселенің шешімін қарастыратынын жеткізді.

Еске сала кетсек, кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық телефон коды берілгенін айтып, қуанышты жаңалықпен бөліскен болатын.

Бұдан былай Қазақстанға +7 дэф кодының орнына +997 халықаралық телефон коды бекітілмек.

Министрдің сөзінше, КСРО тарағанда +7 халықаралық телефон коды екі елге (Ресей федерациясы - ред.) бірдей бекітілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933255-mangystaulyq-fermer-aulasyna-telefonmen-soilesuge-bolatyn-arnaiy-munara-turgyzyp-aldy-foto/

pixel