Аузымен жазба жазатын шымкенттік блогер Түркияда шұғыл ота жасату үшін көмек сұрады
Жарияланған күні:
Шымкенттік Шалқар Қуанышбаев 11 жыл бұрын омыртқасы сынып, содан бері тағдырдың тауқыметін тартып келеді. Арбаға таңылғанына қарамастан өзі сияқты жастарға ісімен, сөзімен жігер беріп жүрген азамат бүгінде көптің көмегіне мұқтаж деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
11 жыл бұрын кездейсоқ омыртқасы сынып, жұлыны зақымданғандықтан аяқ-қолдары істемей қалған азамат бүгінде блогер ретінде танылып үлгерді. Оның тағдыры ешбір мұсылман баласын бей-жай қалдырмайды. Шалқар Қуанышбаев өзі сияқты арбаға таңылған жарымжан жандарға ғана емес, аяқ-қолы балғадай жастарға да нағыз мотиватор бола білген азамат. Шалқар қолына телефон тұрмақ, қасық ұстай алмайды. Ол жазбаларын аузының көмегімен жазады. Бірақ ерік-жігері мықты азамат желіде сатылым әкелетін пост жазу арқылы танылып үлгерді. Өз табысы өзіне жеткен блогер осыған дейін ешкімге алақан жайып көрген емес.
Алайда бұл жолы қайырымды жандардан қомақты қаржылай көмек сұрауға мәжбүр. Жылдар бойы арбамен қозғалғандықтан Шалқардың жамбасы ойылып қалған. Жақын күндері оған шұғыл түрде ота жасату үшін Түркияға аттану қажет. Ондағы белгілі клиникамен келісіп те қойған.
"Арбаға көп отырғандықтан екі жамбасым тесіліп, жарасы ұлғайып, еті шіріп, тіпті сүйекке өтудің аз-ақ алдында тұр. Жамбасымдағы жауыр жарамен алысып келе жатқаныма бірнеше жыл болды. Бұрын көлемі, жағдайы бірқалыпты болатын, сол жаралар биыл үлкейіп, тереңдеп, инфекциядан тым нашарлап кетті.
Өкінішке қарай Қазақстан медицинасы мұндай асқынған жараны емдеуге қауқарсыз. Шетелде емдейді, бірақ оған 50 мың АҚШ доллары (21-22 млн теңге) керек. Мұндай соманы біздің отбасының көтеруге шамасы жетпейді. Сондықтан баршаңыздан қаржылай көмек сұраймын. Кім қанша теңгемен болсын қол ұшын созып жіберсеңіздер екен ", - дейді Шалқар Қуанышбаев.
Ол KAZ.NUR.KZ тілшісіне дүйсенбі күні жедел түрде қолда бар қаражатпен Түркияға аттанатынын айтты.
Жігерінің арқасында талай адамның өмірге көзқарасын өзгертуге себеп болып жүрген блогер жарасын емдеп, қалыпты өмірге оралуға, "қоғамға пайдалы болу" миссиясын жалғастыруға асық.
Айта кетейік, қазірге дейін Шалқар Қуанышбаевтың есепшотына 10 миллион теңге қаражат жиналды.
Реквизиттер:
KASPI: +7 705 369 4131 (Камила Б, анасы)
GOLD: 4400 4301 7942 5118
KZ69722C000019955210
ИИН: 680428401686
Битуганова Камила Ибрагимовна
Халык банк: 4405 6398 0353 6836 Камила Б.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933725-auzynyn-komegimen-zazba-zazatyn-symkenttik-bloger-turkiyada-sugyl-ota-zasatu-usin-elden-komek-surady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.