Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы кітапхананың сыйқы көпшілікті шошытты (фото)

Опубликовано:

Кітап
Фото: Ақ Жайық

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ғ. Әліпов ауылындағы ғимарат құлауға шақ тұр. Нысан апатты деп танылғанымен, бұл жерге кітапхана орналасқан деп хабарлайды Ақ Жайық.

Басылым мәліметінше, ғимарат 40 жыл бұрын салынып, түрлі мақсатта пайдаланылған.

Қазіргі уақытта кітапхана ретінде жұмыс істеуде.

"1998 жылы мәдени орындарды жаппай жабу кезінде осы кітапхана да солардың кебін киді. Алайда 2008 жылы қайта ашылған болатын. Газ саласының мамандары бұл ғимараттың қауіптілігін ескеріп, газ беруден бас тартты. Қазір жарық та жоқ, өшіріп тастаған", - дейді кітапханашы Қымбат Зинуллина.

Осы орайда кітапханашы "апатты жағдайда тұрған ғимарат ортасына түсіп, үйінді астында қаламыз ба" деп қорқатынын да жасырмады.

Басылымның жазуынша, ғимараттың шатырынан су да ағады, қыста суық. Кітапты ылғал мен суықтан қорғау үшін кейде үйге тасуға тура келеді.

Айта кетейік, кітапхананың 257 оқырманы, 6438 кітап қоры бар.  

Кітап
Фото: Ақ Жайық

Кітап
Фото: Ақ Жайық

ғимарат
Фото: Ақ Жайық

Кітап
Фото: Ақ Жайық

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысындағы Қостөбе ауылының тұрғындары балаларын мектепке жіберуге қорқып отырғанын хабарлаған едік.

Тұрғындардың пайымдауынша, білім ошағы кез келген мезетте опырылып түсуі мүмкін.

Себебі білім ұясының қабырғалары әбден жарылып біткен. Одан қалды, едендері сынып, кафелі түсуде.

Мамандардың айтуынша, мектепті қалпына келтіру үшін қаржы керек. Жобалық-сметалық құжаттарды дайындаудың өзіне 7 млн теңге қажет екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934008-qora-siyaqty-atyrau-oblysynda-kitapxana-ornalasqan-gimarattyn-syiqy-kopsilikti-sosytty-foto/

pixel