Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүріп бара жатқан көліктің төбесінде отырған қыздар видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

көлік
Видеодан кадр: instagram.com/kris.p.almaty.official

Әлеуметтік желіде қыздардың жүріп бара жатқан көліктің төбесіне отырып алған видеосы тарап жатыр. Бейнежазбаға қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірді.

Видео Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасында жарияланған. Кадрларда жолда кетіп бара жатқан көлік пен оның үстіне шығып алған екі қыз көрсетілген. Олар басқа көліктерге қол бұлғайды. Желідегілер жолаушылардың әрекеті ерсі екенін айтып, пікір қалдырған.

Сондай-ақ бейнежазбаға Алматы қаласының полицейлері де пікір білдірді.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған көліктің жүргізушісі адамдарды салонның сыртында тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Таразда жолда кетіп бара жатқан көліктің төбесіне бірнеше адам мініп алған видео тараған еді. Одан бөлек, көліктің артынан бірнеше адамның жүгіргені көрсетілген.

Полицейлердің мәліметінше, көлік ішінде Жандос есімді блогер бар екені анықталды, ол қалада жанкүйерлерімен кездесу өткізгісі келген, бірақ оған рұқсат берілмеген көрінеді.

Осылайша, Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік кодексінің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934087-almatyda-zurip-bara-zatqan-koliktin-tobesinde-otyrgan-qyzdar-videoga-tusip-qaldy/

pixel