Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада алаяқ әйел 19 адамды алдап, 3,5 миллион теңгесін алып кеткен

Опубликовано:

алаяқ әйел
Көрнекі фото: polisia.kz

Елорда полицейлері ақшаңды көбейтіп берем деген желеумен 19 адамды алдап соққан 22 жастағы алаяқ әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол өзінің жымысқы ойын жүзеге асыру үшін WhatsApp мессенджерінде топ ашып, адамдарды спорттық шараларға ақша тігуден пайда табу бойынша қызметін ұсынған.

Адамдардың сеніміне кіру үшін, топта фейк чектер мен ұтыс түбіртектерін жариялаған.

Әйел тәулік ішінде 100 пайыз пайда ұтысқа ие болуды уәде етіп, осы ұсынысына қызыққандарды электрондық әмиянға ақша аударуға көндірген. Аңқау азаматтар электрондық әмиянға 100 мыңнан 300 мыңға дейін ақша аударды.

Қаскүнем ақшаны аудартып алған соң жәбірленушілердің нөмірін бұғаттап отырды. Тергеу барысында күдіктінің спортқа ақша тігуге еш қатысы болмағаны, ақшаны өз қалауымен жұмсағаны анықталды.

Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде ұсталған әйел 19 эпизодқа қатысы бар деген күдікке ілінді, алайда оның қолынан жәбірленгендер бұдан да көп болуы әбден мүмкін.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 3 500 000 теңгені құраған. Пандемия кезеңінде Интернетте ақшаны көбейту бойынша қызықтыратын ұсыныстар саны көбейе түсті.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарды сақ болып, желідегі алаяқтардың айласына алданбауға, Интернет желісінде табысын көбейту бойынша сенімсіз акцияларға қатыспау керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934148-elordada-alayaq-aiel-19-adamdy-aldap-35-million-tengesin-alyp-ketken/

pixel